Ауданның беткетұтар кәсіпорындары

Oinet.kz 21-10-2024 39

image.png

Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Айталық «TAYIBA» сүт өңдеу зауыты. Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. Жобалық құны 250 миллион теңгені құрайды. 34 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорында 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілді. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және өзге де өнім түрлері қосылған. Өндірістегі барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген. Шикізат жергілікті шаруалар және фермерлерден және аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады.

Айта кетейік Сайрамда сүт өнімдерін шығаратын өзге де кәсіпорындар бар.«Сайрам-Сүт» ЖШС 2004 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін шығарады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аймағындағы ең ірі сүт өндіретін кәсіпорындардың бірі, жақсы материалдық-техникалық базасы және озық технологиясы бар. Осы уақыт аралығында «Сайрам-Сүт» ЖШС өнімдері тұтынушыларымыздың сеніміне ие болды. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам және Түлкібас аудандарынан сатып алынған заманауи өндіріс технологиясы, табиғи шикізат (сүт) бүгінде бізге жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ биылғы жылдың шілде айында  ауданда «Milky DAAR» сүт өнімдерін өңдейтін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын Манкент ауылдық округі Ақдала ауылында орналасқан. Зауыт басшысы Бахтали Шасаитов. Мұнда 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жобаның құны 1250 миллион теңгені құрайды. Жобаның қуаттылығы жылына 5400 тонна сүт өңделеді. Кәсіпорын 64 гектар аумақта орналасқан. Оның ішінде 945 м квадрат өндірістік ғимаратты құрайды. Мұнда сүт өнімдерінің 9 түрі өндіріледі. Атап айтқанда: сүт, қаймақ, сүзбе, ірімшік, құрт, сары май, иогурт, айран. Заманауи құрал-жабдықтар Түркия елінен әкелінген.  

 Ауданның бетке тұтар кәсіпорындарының бірі сүт, айран, қаймақ, ірімшік секілді жоғары сапалы сүт өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне экспорттауды көздейді.

Сайрамда 30-дан аса сүт фермасы бар
200 түрлі өнім шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу