АЭС құрылысын ұлытаулықтар да қолдайды

Oinet.kz 06-10-2024 111

Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум қорытындысын қолдау мақсатында Ұлытау облысындағы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының ұжымымен кездесу өтті. 

Screenshot_65.jpg

Кездесуде халықтық штаб мүшелері Ахат Құрмансейітов, Рахат Ниязов және Думан Жұманов референдумның нәтижелеріне тоқталып, Орталық референдум комиссиясының алдын ала берген мәліметі бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдағандарын атап өтті. 

- Өткен референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі деуге болады. Сайлаушылардың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдаған. Exit poll қорытындысы да осыған жақын нәтиже көрсетті. Оның ішінде республикамыздағы Сыр өңірі оқ бойы оза шауып, ерекше белсенділікпен алдынғы қатардан көрінді. Біздің облысымыздың тұрғындары да референдумда өздерінің ауызбіршілігі мен бірлігін танытты. 

Бұл маңызды оқиғаға елдегі дауыс беру құқығына ие азаматтардың шамамен 63,87 пайызы қатысты. Алдын ала деректерге сәйкес, референдумға қатысушылардың 69,8 пайызы Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдады, ал 30,2 пайызы қарсы болды. Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әрі саяси маңызы бар шешімді қабылдау жолында ұлытаулықтар да белсенділігін атап өткен жөн. Бұл саяси науқанда ұлытаулықтардың 60 пайызы немесе 9780 жерлестеріміз өз таңдауларын жасап, маңызды шешімді елмен бірлесе қабылдады, - деп атап өтті өз сөзінде халықтық штаб мүшелері Ахат Құрмансейітов.

Жиынға қатысушылар осы ретте референдум жұмысына қатысқан сайлаушылар көрсеткіші бойынша ұлытаулықтар жоғары көрсеткішке жеткенін айтты. Бұдан бөлек ұлытаулықтар халқының дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасағанын жеткізді. 

«Референдум нәтижесі Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындауда маңызды рөл атқарады. Экономикалық тұрғыдан, АЭС құрылысы Қазақстан үшін энергетикалық тәуелсіздікті нығайтып, энергияның экологиялық таза көздерін дамытуға мүмкіндік береді, бұл елдің энергияны импорттауға деген қажеттілігін азайтып, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты экономикалық өсімге ықпал етеді. 

Ал қауіпсіздік мәселесі бойынша, АЭС салу барысында қауіпсіздік стандарттарының қатаң сақталуы керектігін баса айтады. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін экологиялық және радиациялық қауіптердің алдын алуға көмектеседі. Ендігі кезекте құрылысты сапалы жүргізіп, бөлінетін қаржыны дұрыс игеру жағын мемлекет жіті қадағалау қажет деп есептеймін», - деді өз сөзінде штаб мүшесі Рахат Ниязов.

Мұнан соң жиынға қатысушы бірқатар партия мүшелері өз ойларын ортаға салып, референдум қорытындысы бойынша оң пікірлерін білдірді.

Референдум қорытындысы ардагерлер мен жастар бірлесе талқылады
Жетісайлықтар референдумға қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу