Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Кеше Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум қорытындысын қолдау мақсатында Қызылорда облысындағы «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында» референдум қорытындысын қолдау мақсатында жиын өтті.
Кездесу барысында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, Халықтық штаб мүшесі Наурызбай Орынбасаров референдумның нәтижелеріне тоқталып, Орталық референдум комиссиясының алдын ала берген мәліметі бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдағандарын атап өтті.
- Күні кеше өткен референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі деуге болады. 7 қазан күні сағат 11-00-де Астанада Орталық референдум комиссиясы жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысын жариялап, 6 қазанда дауыс берген ел азаматтарының 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдағанын хабарлады. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беру құқына ие 12 284 487 Қазақстан азаматының 63,66 пайызы, яғни 7 820 204 адам таңдау жасаған. 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдаған, 2 045 271 адам қарсы шыққан. Екі нұсқа да таңдалып, жарамды деп танылса да, санау кезінде есепке алынбаған бюллетень саны – 82 729. Ал 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Орталық референдум комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша, АЭС құрылысын ең көп қолдаған аймақ – Қостанай облысы, ондағы халықтың 82,18 пайызы жақтап дауыс берген. Ал ең көп қарсы дауыс берген – Алматы қаласы, пайыз көлемі 39,24 пайыз. Референдумға халқы ең көп қатысқан өңір – ол біздің Қызылорда облысы, яғни халықтың 82,23 пайызы дауыс берген. Бұл көрсеткіш бойынша ең төменгі орында – Алматы қаласы. Ал көрші Түркістан облысында дауыс беруге 888 415 адам қатысқан. Бұл өңірде Қазақстанда АЭС салуды 693 766 адам қолдаса, 178 148-і қарсы болған. Сонымен 6 қазанда Қазақстан азаматтары «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап берді. оның қорытындысын бәріңіз көріп отырсыздар, ол 71,12 пайызы құрады, - дейді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Ал Халықтық штаб мүшесі Наурызбай Орынбасаров өз кезегінде облыс халқының дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасағанын жеткізді. «Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі деуге болады. Сайлаушылардың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдаған. Exit poll қорытындысы да осыған жақын нәтиже көрсетті. Оның ішінде біздің Сыр өңірі оқ бойы оза шауып, ерекше белсенділікпен алдынғы қатардан көрінуі, ауызбіршілігіміз бен бірлігімізді айқындады. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тындырымды болғай» деді ол.
Осы ретте, референдум жұмысына қатысқан сайлаушылар көрсеткіші бойынша облысымызда жоғары көрсеткішке жеткенін айтты. Бұдан бөлек облыс халқының дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасағанын жеткізді.