Референдум қорытындысы - қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі

Oinet.kz 06-10-2024 56

Кеше Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысындағы Amanat партиясы Тасқала аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы Г.Тұрғаналиевтің төрағалығымен өтті. Кеңейтілген отырысқа аудандық халықтық штаб төрағасы Л.Жұбанышқалиева және штаб мүшелері қатысты. 

Screenshot_64.jpg

- 6 қазанда еліміз тарихи сәтті бастан өткеріп, референдумда АЭС құрылысына қатысты азаматтық позициясын анықтады. Бұл маңызды оқиғаға елдегі дауыс беру құқығына ие азаматтардың шамамен 63,87 пайызы қатысты. Алдын ала деректерге сәйкес, референдумға қатысушылардың 69,8 пайызы Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдады, ал 30,2 пайызы қарсы болды. 

Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әрі саяси маңызы бар шешімді қабылдау жолында батыстықтардың да белсенділігін атап өткен жөн. Бұл саяси науқанда батысқазақстандықтардың 67,3 пайызы немесе 297 мың жерлестеріміз өз таңдауларын жасап, маңызды шешімді елмен бірлесе қабылдады. Дауыс беруге қатысу көрсеткіші мен қолдаушылардың басым бөлігі референдумның АЭС құрылысына оң көзқарасты көрсеткенін білдіреді. Енді бұл нәтижелерге сәйкес, үкімет атом электр станциясын салу бойынша нақты қадамдар жасай алады, - деді кіріспе сөзінде Г.Тұрғаналиев.

Одан кейін сөз алғандар Б.Тасмағамбетов, Б.Өтегенов, Ж.Балыков және  Л.Жұбанышқалиева референдум абыроймен өткені аудан тұрғындарының ұйымшылдық, ауызбіршілік, бірлестіктің арқасында өткенін атап өтті.

- Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі. Ауданымызда Республикалық, облыстық, аудандық халықтық  штаб мүшелері барлық ауылдық округтердің, елді мекендердің  тұрғындарымен, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен, кәсіпкерлермен, мекеме, еңбек ұжымының, ауыл шаруашылығы, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 70-тен астам кездесулер өткізді. Соның барысында  жалпы жерлестеріміз ел болашағы үшін АЭС салудың маңызды түсініп, кешегі өткен референдумда 73 пайыз тасқалалықтар оң шешім тапқан таңдауын жасады, - деді аудандық халықтық штаб төрағасы Л.Жұбанышқалиева. 

Сөйтіп ол өз және партия атынан Халықтық штаб пен бастауыш партия ұйымдарының барлық мүшелеріне, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, белсенді жастарға, байқаушыларға штаб атынан алғысын жеткізді.

Референдумның нәтижесі Қазақстанның болашағы үшін жасалған жауапты қадам
Референдум қорытындысы ардагерлер мен жастар бірлесе талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу