Референдумның нәтижесі Қазақстанның болашағы үшін жасалған жауапты қадам

Oinet.kz 06-10-2024 102

7 қазан күні Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті. 

Screenshot_63.jpg

Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктер, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылым мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих  ғылымдарының кандидаты ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов ашып, жүргізді.

- Қоғамдық даму институты жүргізген Exit Poll-дың алғашқы қорытындысы да мәлім болып, оның нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысушылардың 72,3 пайызы Қазақстанда атом электр стансасының құрылысымен келісемін деп жауап берген. Менің энергия саласынан хабарым болғандықтан Қазақстанда АЭС салу- болашақта еліміздегі энергия тапшылығын жояды деп сенемін. Бұл ретте, халық таңдауы ел болашағын баянды ететініне нық сенімдімін, - деп атап өтті Айтжан Оразбақов. 

Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Талғат Телеубаев жергілікті мамандар даярлауды күшейту бағытына тоқталды. АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін алға тартты. Осыдан кейін сөз алған аталған университеттің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Бақытхан Абдикаримов 6 қазандағы жалпыхалықтық референдумның жоғары деңгейде өткізілгенін айтты.

- АЭС құрылысы бойынша өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақты дамудың маңыздылығын терең түсінетіндігін айқын көрсетті. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жан-жақты түсіндіру жұмыстарының арқасында халық атом электр станциясын салудың энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, экономиканың әртүрлі салаларын дамытудағы және экологиялық таза энергия көздеріне көшудегі рөлін толық түсінді. Референдумның нәтижесі Қазақстанның болашағы үшін жауапты шешім қабылдаған қазақстандықтардың саналы таңдауы екенін дәлелдейді.

Референдум нәтижелері халықтың мемлекеттік саясатқа деген сенімін арттырды. АЭС құрылысы туралы кең ауқымды ақпараттық түсіндіру нәтижесінде азаматтар атом энергетикасының қазіргі заманғы технологиялары мен жоғары қауіпсіздік стандарттары туралы толық мәлімет алды. Бұл референдум тек қана энергетика саласындағы шешім ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның болашағы үшін жаңа кезеңнің басталуы болып табылады, - деді профессор Бақытхан Абдикаримов.

Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих  ғылымдарының кандидаты ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов қорытындылап, жиын барысында түскен сұрақтарға жауап берді.

Еліміз үшін маңызды күн болды
Референдум қорытындысы - қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу