Еліміз үшін маңызды күн болды

Oinet.kz 06-10-2024 114

7 қазан күні Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум қорытындысын қолдау мақсатында аудандық партия филиалының «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен кездесу өтті.

Screenshot_62.jpg

Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты, «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Арғын Орымбаев референдумның  нәтижелеріне тоқталып, Орталық референдум комиссиясының алдын ала берген мәліметі бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдағандарын атап өтті. Осы ретте референдум жұмысына қатысқан сайлаушылар көрсеткіші бойынша облысымыздың жоғары көрсеткішпен алдыңғы қатардан көрінгенін айтты. Бұдан бөлек аудан халқының дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасағанын жеткізді.

- Кеше еліміз үшін маңызды күн болды. Бір жылдан бері талқыға түскен АЭС құрылысы бойынша референдум өткені бәрімізге мәлім. Пікірлер сан түрлі болғанымен, осы күнге дейінгі жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының арқасында кеше дауыс беруші адам көп болды. Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелері бойынша мәліметіне сүйенсек, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызын құраса, Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтар осы халықтың 71,12 пайыз болды. Бұл әрине көңіл қуантарлық цифралар десек те болады. Әр қазақстандық ой елегіне салып, өзінің дұрыс таңдауын жасады деп білемін. Ендігі таңда бізді алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр, Осы ісіміз сәтімен басталып, елімізге үлкен нәтижелі әрі пайдалы құрылыс болады деген сенімдеміз. Еліміздің болашағы әрдайым жарқын, келешегі кемел болса деймін!, - дейді «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Арғын Орымбаев. 

Мұнан соң жиынға қатысушы бірқатар партия мүшелері өз ойларын ортаға салып, референдум қорытындысы бойынша оң пікірлерін білдірді.

«АЭС құрылысы бойынша референдум да өз мәресіне жетті. Халық азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Орталық референдум комиссиясы референдумға қатысу белсенділігі алдын ала дерек бойынша 63,87 пайыз болғанын мәлімдеді. Бұл – 7 820 918 адам. Референдумға қатысу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы 82,48 пайыз дауыс беріп, республикада алда тұр. Ал қоғамдық даму институты жүргізген Exit Poll-дың алғашқы қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысушылардың 72,3 пайызы Қазақстанда атом электр стансасының құрылысымен келісемін деп жауап берген. Референдум барысында ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Тұрғындар референдумның маңыздылығын ерекше атап өтті. Дауыс берген азаматтар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланды. Қазақстанның энергетикалық тәуелсіз болуын бәріміз қолдаймыз. АЭС құрылысы – бұл еліміздің алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі», - дейді партия мүшесі Жақсыбек Баянқұлов. 

Қоғамдық кеңес мүшелері де өз таңдауларын жасады
Референдумның нәтижесі Қазақстанның болашағы үшін жасалған жауапты қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу