Қоғамдық кеңес мүшелері де өз таңдауларын жасады

Oinet.kz 06-10-2024 125

Бір жыл бойы елдің арасында жарияталқылауда болған АЭС құрылысын салу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда жалпыхалықтың референдумға шығарылды. 

Screenshot_61.jpg

Сонымен, тарихи сәт - АЭС бойынша референдум да өз мәресіне жетті. Халық азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Оның алдын-ала қорытындысы жарияланды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87 пайызы  бюллетень алған. Бұл – жақсы көрсеткіш. Халқымыздың ел болашағына бей-жай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғарып отырмыз. Ең бастысы, референдумда дауыс беру – ашық, таза және әділ өтті. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған әділетті Қазақстанның нақты жүзеге асып жатқанына тағы бір дәлел. 

Иә, бүкіл Қазақстан бойынша маңызды саяси шара – АЭС құрылысы бойынша референдум сайлау заң талаптарына сай өтті. Оған тараздықтар да бұл тарихи сәтте белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Олардың ел болашағына бейжай қарамай, жауапкершілікпен қатысып жатқанын көптеген мысалдармен келтіруге де болады. Дегенмен әр Қазақстан азаматының жасаған таңдауы мемлекет болашағы үшін өте маңызды. 

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтың айтуынша, 2024 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың атом электр станциясын салу жөніндегі референдумдағы дауыс беруінің алдын ала нәтижелерін жариялады. Сайлаушылардың орталық комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте таңғы сағат 8.00-де еліміздің барлық облыстары мен шет елдердегі 10323 сайлау учаскесінде дауыстар саналғанын айтты.

Референдумда дауыс беруге құқығы бар 12 284 487 адамның 7 820 204 адам немесе 63,66 пайызы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызы, яғни 5 561 937 адам жақтап дауыс берсе, 2 045 271 адам «қарсы» дауыс берген. Екі жауап нұсқасын да 82 722 адам таңдады, олар дауыстарды санау кезінде ескерілмеді. Сайлаушылардың еркін анықтау мүмкін болмаған бюллетеньдердің саны 130 267 болды.

- Атап өтерлігі, 6 қазанда өткен республикалық референдумда  облыс бойынша 508 учаске жұмыс жасаса, оның 135-і Тараз қаласында орналасты. Жалпы облыс бойынша 508 референдум комиссияларының құрамында 3 616 комиссия мүшесі халыққа қызмет көрсетті. Ел келешегі үшін маңызды саяси науқанда Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесі мүшелері де шет қалмай, өз таңдауларын жасады, - дейді облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов.

Халық өз болашағына қатысты шешімді өздері қабылдады
Еліміз үшін маңызды күн болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу