Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыз Астана қаласында өткен мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдум жөнінде «Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады» деп пікір білдірген болатын.
Міне, кеше республикамызда жалпыхалықтық референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгеніне куә болдық. Оған қатысқан шетелдік және отандық бақылаушылар да елдегі АЭС салу бойынша өткен референдумның өте жоғары деңгейде өткенін мойындап, таң қалып отыр. Осыған орай Сайрам ауданында Amanat партиясының аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Сыздықов бастауыш партия ұйымдарымен өткен жиында кешегі референдумның өту барысын бірлесе талқылады.
- Кеше Орталық референдум комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады. Соған сәйкес, сайлаушылардың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады. Exit poll қорытындысы да осыған жақын нәтиже көрсетті. Жаңа саяси жағдайда Тәуелсіздігіміздің 33 жылдық тарихындағы үш референдумның екеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтті. Сөз жоқ, жаңа саяси мәдениет дәл осылай қалыптасады. Әр азамат қоғам үшін маңызды мәселелерді шешу ісіне тікелей араласып, ел тағдырына өзінің қатысты екенін сезінеді. Бұл – демократияның іс жүзіндегі көрінісі. Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі. Халықтық штаб мүшелері барлық өңірге барып, мыңдаған кездесу өткізді. Соның барысында жалпы қоғам ел болашағы үшін АЭС салудың маңызын түсініп отырғанына көз жеткізді. Кәсіпкерлер, шаруалар, кеншілер, жұмысшылар, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар да экономикасы дамыған елде өмір сүргісі келеді. Олардың барлығы мұның кілті энергетикалық тәуелсіздік екенін және бұл үшін АЭС салу қажет екенін жақсы түсінеді, - деді Қуаныш Сыздықов өз сөзінде.
Ең бастысы – халық өз болашағына қатысты шешімді өздері қабылдады. Саяси белсенділік танытып, ел ертеңіне жанашырлықпен, махабатпен қарайтынын көрсетті.
Жиында бастауыш партия ұйымдарының төрағалары 6 қазандағы жалпыхалықтық референдумның әділ өткенін, ел халқы өз таңдауларын ешкімнің күштеуінсіз жасағандарын айтты. Партия мүшесі Сағадат Нұрмахан кешегі референдумда өз таңдауын жасап, АЭс-ті қолдап дауыс бергенін жеткізді. «Өз басым сайлау барысына қатысқан сәтте, аудан тұрғындарының өзі бекітілген сайлау учаскелеріне келіп, «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бюллетеньдегі сұраққа «иә» немесе «жоқ» деген тұсты белгілеп үн қосқандардың көп болғанын байқадым. Негізінен сайлау учаскесіне келгендердің басым бөлігінің Мемлекет басшысының АЭС салу туралы шешімін қолдайтынын сөйлесу барысында аңғарып қалдым. Олардың көпшілігі жалпыхалықтық референдумда АЭС-ті жақтап дауыс бергеніне сенімдімін. Жалпы атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндіктен, халық өз таңдауын жасады, мен де өз таңдауымды жасап, елімнің болашағы үшін дауыс бердім» дейді ол.