Сарыағаш ауданында референдум талапқа сай өтті

Oinet.kz 06-10-2024 52

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум бойынша халыққа арнаған үндеуінде, «Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. 

Screenshot_58.jpg

Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді» дей келіп, «Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін» деді.

Жалпы Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум өз мәресіне жетті. Атом электр станциясын салу құрылысы бойынша өткен референдумда 7,5 миллион қазақстандық дауыс берген. Соның ішінде Сыр жұртшылығы саяси науқанға қатысу көрсеткіші бойынша 82,48 пайызбен өте жоғары белсенділік көрсетті. Бұл өңір халқының ел болшағы үшін қабылданатын шараларға бей-жай қарамайтындығының көрінісі.

Сарыағаш аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанибек Әжібековтың айтуынша, референдус талапқа сай өткен. Халықтың басым бөлігі өз таңдауын жасаған. «Exit-poll (экзит полл) қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 70 пайызға жуығы АЭС құрылысын қолдайтындарын білдірсе, 30 пайызы өздерінің келіспейтіндерін айтқан. АЭС құрылысын салу бойынша өткен референдум аясында республикамыз бойынша АЭС салуды қолдау жөнінде Халықтық штабтар құрылып, жұмыстар жасады. Осы ретте аудандық Халықтық штаб құрамында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, сала басшылары және жастар өкілдері тиісті деңгейде жұмыстар атқарды», - дейді Жанибек Әжібеков. 

АЭС құрылысының салынуы - Әділетті Қазақстан құруға жасалған тағы бір қадам екені сөзсіз. 

- АЭС құрылысы бойынша референдумның қорытындысы менің және жалпы эксперттердің пікірінше, елдің энергетикалық саясатына үлкен әсерін тигізеді. Қатысушылардың жоғары белсенділігі халықтың бұл мәселеге үлкен назар аударғанын көрсетеді. Сарапшылар атап өткендей, атом энергетикасы экологиялық тұрғыдан таза әрі тиімді шешімдердің бірі болуы мүмкін, алайда қауіпсіздік мәселелері де мұқият қарастырылуы қажет. Референдум нәтижесі халықтың бұл тақырып бойынша пікірін айқындап, болашақ шешімдер үшін маңызды негіз болды, - дейді Сарыағаш аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанибек Әжібеков. 

Біз дұрыс таңдау жасадық
Еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу