Біз дұрыс таңдау жасадық

Oinet.kz 06-10-2024 50

Бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. 

Screenshot_57.jpg

6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы. 

Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенер болсақ, дауыс беруде Алматы қаласының халқы бәсең болған – қала тұрғындарының тек 25,39 пайызы таңдау жасапты. Ал ең белсенді болған өңір – Қызылорда облысы – 82,48 пайыз. Бұл республика бойынша рекордты көрсеткіш саналады.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша, референдум күні Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі жұмыс істеген. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда орналасқан. Облыс бойынша 2652 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі қызмет атқарды. Аймақта референдум учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне 497950 сайлаушы енгізілген. Соның 82,48 пайызы дауыс беріп, өз таңдауын жасады. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум бойынша жасаған үндеуінде «Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын!» деді. Елімізде демократия туралы сөз болғанда, ең алдымен, іс-қимыл еркіндігі туралы айтылады. Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум барысында адамдар ерік білдіру бостандығын толық пайдаланды және осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдіру үшін референдум учаскелеріне келді. Мен атом электр станциясының құрылысына өз дауысымды бердім, себебі бұл Қазақстанға энергияға тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, атом электр станцияларының қауіпсіздігіне және басқа да мәселелерге келетін болсақ, бұл проблемаларды ведомствоаралық комиссия шешеді және реттейді. Референдум қорытындысы көрсететініне сенімдімін – біз дұрыс таңдау жасадық, - дейді Әділбек Ерсұлтанов.

Референдум халық тарапынан қолдау тапты
Сарыағаш ауданында референдум талапқа сай өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу