Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бүгін еліміз өз болашағы үшін таңдау жасауда. Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы №197 референдум учаскесі дауыс берушілерге ерекше көңіл-күй сыйлауда. Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында орналасқан учаскеде дәстүрлі әндер айтылып, ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған. Білімін сынап көрушілерге викториналық сұрақтар қойылып, сый-сияпаттар жасалуда.
Одан бөлек, аудандағы №75 сайлау учаскесінің барлығында бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттың қазақ күресі, қол күресі, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ, кіші футбол секілді түрлерінен тұрғындар арасында жарыстар ұйымдастырылып, өткізілуде.
Ал Жаңа ауыл ауылдық округінің жас отбасылары референдумға белсене қатысып, өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі референдум учаскелерінде дауыс берді.
Солардың бірі Нұрдәулет Бейсембай мен Әмина Базарбай. Шаңырақ көтерген жас отбасы бүгінгі референдум күнін елеусіз қалдырған жоқ. Өз таңдауларын жасады. Дауыс беруден кейін жас отбасының отағасы өзінің дұрыс таңдау жасағаны туралы пікір білдірді.
- Бүгін өзіміз тұратын елдімекендегі референдум учаскелеріне келіп дауыс бердік. Дауыс беру – барша қазақстандықтардың парызы. Қуанатыным еліміз тәуелсіздік алғалы түрлі саяси науқандарда халық осылай белсенділік танытып келеді. Бүгін де еліміздің ертеңі үшін таңдау жасалады. Мемлекет үшін таңызды таңдауда, келісім беруде халықтың үні маңызды фактор. Жыл өткен сайын сайлаушылардың, дауыс берушілердің саны артып келеді. Қоғамның өсіп өркендеуі осындай үрдістер арқылы анықталуы керек. Ертеңгі экономикамыз, саяси бағытымыз бүгінгі жасаған таңдауымызға байланысты. Референдумның маңыздылығын түсінген барша тұрғындар сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасайтындарына сенімін білдіремін. Шындап келгенде бүгінгі референдумда өз көзқарасыңды білдіру – әр адам үшін өміріндегі маңызды сәт. Бұл күні әркім өзінің азаматтық таңдауын жасайды. Бірінші кезекте, еліміздің әрбір азаматы патриот ретінде жарқын болашаққа дұрыс таңдау жасауға міндетті, - дейді Нұрдәулет Бауыржанұлы.
Ал, жас келін Әмина Ержанқызы саяси науқанға қатысып, алғаш рет таңдау жасағанын айтады. «Біз жас отбасы ретінде өзіміздің референдум учаскемізге келіп таңдау жасауды дұрыс деп шештік. Өзіміздің қалауымызға қарай дұрыс таңдау жасадық деп санаймын» дейді.
Айта кетейік, бүгінгі референдумда аудан бойынша 698 жас отбасы таңдау жасайтын болса, соның 26-сы Жаңа ауыл ауылдық округінде тұрады.
Аталған дауыс беру учаскесінде азаматтар үшін мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылған. Мәселен, мұнда дауыс берушілер тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секілді ақыл-ой ойындарынан бәсекеге түсіп, бақ сынасуда.
Бұдан өзге референдум учаскесінде келушілерге арналып ән шырқалып, мерекелік көңіл-күй күй салтанат құруда.