Кентаулық жас отбасы дауыс берді

Oinet.kz 06-10-2024 30

Таңнан бері жалғасын тауып жатқан дауыс беру науқанында тұрғындар қатары сейілмейді. Соның ішінде жаңа шаңырак көтерген отбасылар көп. Мәселен, Кентау қаласында шаңырақ көтергендеріне бір күн болған Нұрдаулет пен Нұрсәуле елімізде өтіп жатқан науқанға бейжай қарамай, әр азаматтың таңдауы маңызды екенін көрсетті.

Screenshot_50.jpg

Олар өздері белгіленген №48-ші референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Бұл олардың мемлекетімізде өтіп жатқан саяси науқанға алғаш қатысулары. 

- Біз жас отбасы болып күні кеше шаңырақ көтердік. Қазақстанның азаматы болғандықтан, өзіміздің конституциялық құқығымызды пайдаланып, елдің жарқын келешегіне сеніммен қарап өз таңдауымызды жасадық. Жалпы бүгінгі күн – еліміз үшін ерекше күн, саяси науқанның маңызды сәті. Елдің жарқын болашағы үшін біз жұбайымыз екеуміз өз таңдауымды жасап отырмыз, -  дейді Нұрдаулет. 

Ал Нұрсәуле болса, «Маңызды шешім қабылдау жолында барлығымыз дауыс беріп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Елдің қамын ойлау, болашағына нық сеніммен қарау әрбіріміздің азаматтық парызымыз болуы тиіс», - дейді. 

Иә, бүгін халық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап қарастырылған.

Кентау қаласында дауыс берушілер ұлттық киіммен келді
Жетісайда Жаңауылдық жас отбасы сайлауға қатысып, дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу