Кентау қаласында дауыс берушілер ұлттық киіммен келді

Oinet.kz 06-10-2024 26

Бүгін таңнан бері референдум учаскесіне келіп жатқан халық көп. Соны ішінде өзгелерден ерекшеленіп, ұлттық нақышта киінген қариялар да бар. Атап айтсақ, Кентау қаласы Байылдыр ауылында ақжаулықты бір топ әжелер референдум учаскесіне кимешекпен келді. Ұлттық киімде өз таңдауларын жасаған олар, ән салып көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салт- дәстүрімізге сай шашу шашып, бауырсақтан дәм татқызды.

Screenshot_49.jpg

- Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Кентау қаласының тұрғындары тәңсәріден өз таңдауларын жасауға белсенді қатысып жатқанына куә болып отырмыз. Бізде №48 сайлау учаскесінде дауыс бердік. Себебі, елдің болашағына әрбіріміз жауаптымыз. Сондықтанда көпшілікті өз таңдауын жасауға белсенді қатысуға шақырамыз, – дейді ақжаулықты аналар.

Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 56405 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, бүгін Кентау қаласының көкпаршылары бір кісідей келіп, өздері белгіленген референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Ұлттық спортты серік етіп жүрген жігіттер елімізде өтіп жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысып қайтпақ ниетте атқа қонған. Саптама етік киіп, тобылғы қамшы ұстаған олар өз таңдауларын жасады.

«Бүгінгі күн біз үшін жауапты күн болды. Сондықтан көкпаршылар жиналып, бірге барып дауыс беруді жөн көрдік. Жалпы бүгінгі науқанға әркім жауапкершілікпен қарап, ел ертеңі үшін дауыс берсе екен», – дейді көкпаршы белсенділер.

6 қазан – еліміз үшін саяси науқан. Бүгін ел азаматтары АЭС салуға қатысты дауыс беріп өз таңдауларын жасады. Жалпы қала бойынша 35 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Барлық учаскелік референдум комиссиялары интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Жалпы Кентау қаласы бойынша 56 405 сайлаушы тіркелген. Референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, қажетті құралдар және пандустармен толық жабдықталған. Таңнан бастау алған референдумға кентаулықтар белсенділікпен атсалысуда. Мемлекетіміз үшін маңызды сәтте өз таңдауларын жасауда, - дейді қалалық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері.

Шардара ауданында жас отбасылар дауыс берді
Кентаулық жас отбасы дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу