Шардара ауданында жас отбасылар дауыс берді

Oinet.kz 06-10-2024 26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен АЭС құрылысын салу бүкіл халықтың талқысына шығарылып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс. 

Screenshot_48.jpg

Шардара қаласында орналасқан №863 дауыс беру учаскесінде жас жұбайлар арнайы келіп өз таңдауларын жасады. Айта кетсек, Шардара ауданы бойынша 33 дауыс беру учаскесі құрылған. Онда 43675 дауыс беруші тіркелген. Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық дауыс беру учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар қойылған.

- Бүгін еліміз өміріндегі  тарихи сәттің  куәсі болып отырмыз. Қазақстан халқы референдумға жоғары дәрежеде ат салысып, қатысуда. Мен де жұбайыммен келіп азаматтық борышымды орындап, дауыс бердім. Еліміз даму, өсіп-өркендеу жолында дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін, - деді жас отбасы мүшелері. 

Аталған рефендум учаскесінде дәл қазіргі сәтте дауыс беру процесі талапқа сай жүзеге асырылуда.  Еске сала кетейік, облыста дауыс берудің заң талаптарына сай өтуін қадағалау мақсатында бірнеше мыңнан аса комиссия мүшелері жұмыс жасауда.

Жалпы Түркістан облысында таңғы 07:00-ден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 учаске өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда өңірде дауыс беру құқығына ие 1 миллион 180 мыңнан астам азамат бар. 

Халықтың белсенділігі мен ұлттық дәстүр үйлесім тапты
Кентау қаласында дауыс берушілер ұлттық киіммен келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу