Келестік жастар сайлауда белсенділік танытты

Oinet.kz 06-10-2024 26

Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округіндегі №347 сайлау учаскесі бүгінгі саяси оқиғаның маңызды орталықтарының біріне айналды. Мұнда халықтың белсенділігі айрықша байқалады. 

Screenshot_46.jpg

Сайлау учаскесінде дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған. Кезек күткен тұрғындар жайлы әрі ұйымдасқан түрде өз дауысын беруде. Учаске ауласында әсем әуен қалықтап, мерекелік көңіл-күйді сездіріп тұр. Мұндай маңызды сәтте халықтың белсенді қатысуы еліміздегі азаматтық сананың жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.

Маңызды науқан аясында сайлау учаскесіне тіркелген халықтың жартысы, яғни 50 пайызы, таңдауын жасап үлгерді. Бұл көрсеткіш азаматтардың жауапкершілікті түсінгенін және өз елінің болашағына деген қамқорлықтарын білдіретінін айқын көрсетеді. Әрбір дауыс беруші кезегі келгенде кабинаға өтіп, өз таңдауын жасап, дауыс беріп жатыр.

Жалпы Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округіндегі барлық референдум учаскелері де таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастап кеткен. Ерекше атап өтерлігі, Ұшқын ауылдық округінің әжелері ұлттық нақыштағы кимешектерімен №347 сайлау учаскесіне келіп, белсенділік білдірді. Әжелер келген сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында учаске маңында арнайы шашу шашып, сайлаушыларға бауырсақ таратты. 

Сайлау учаскесінің төрағасы Тасбау Полатовтың айтуынша, осы саяси науқан барысында 18 жасқа толған жастар да өз дауыстарын беріп, азаматтық парыздарын өтеді. Жастардың бұл маңызды шараға қатысуы көпшіліктің назарын аудартты. «Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге асықтық. Еліміздің ынтымағы, татулығы, тұрақтылығы үшін дауыс бердік. Себебі, ел келешегі – біздің де келешегіміз», – деді алғаш дауыс беріп отырған жастың бірі Марат Досан.

Сайлау учаскесінде халықтың белсенді қатысуы, сондай-ақ сайлау барысының дұрыс ұйымдастырылуы осы науқанның маңызын одан әрі арттыра түсті. Ел азаматтары бірлік пен ынтымаққа, тұрақтылық пен даму жолына дауыс беруде. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, учаскеде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр.

Жалпы алғанда, №374 сайлау учаскесіндегі жағдай тек жергілікті емес, бүкіл елдің маңызды оқиғасына айналды. Қатысушылардың жоғары белсенділігі елдегі демократиялық процестердің нығаюы мен азаматтардың өз құқықтарына деген жауапкершілікті сезінуінің белгісі ретінде көрінеді. Ел болашағы үшін таңдау жасау – әрбір азаматтың құқығы мен міндеті. Осы орайда, Келестік жастар, өздерінің болашаққа деген сенімін көрсетіп, азаматтық борыштарын лайықты орындап шықты.

Сайлау учаскесінің төрағасы Тасбау Полатов жас сайлаушыға арнайы сыйлық табыстады.

Мұндай белсенділік тек Келес ауданы бойынша ғана емес, бүкіл ел бойынша байқалып отыр. Қоғамның барлық топтары: жастар, егде жастағы азаматтар, кәсіпкерлер, жұмысшылар – барлығы да өз елінің болашағына бейжай қарамай, сайлау процесіне белсене қатысып жатыр. Бұл Қазақстандағы саяси мәдениеттің жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын көрсетеді. 

Еліміз үшін маңызды күнде сайлау учаскелерінде орын алған осындай жағдайлар қоғамның біртұтас екендігін, елдің дамуы үшін әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін дәлелдейді.

Келесте еңбек ардагерлері референдумға қатысып, белсенділік танытты
Халықтың белсенділігі мен ұлттық дәстүр үйлесім тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу