Келесте еңбек ардагерлері референдумға қатысып, белсенділік танытты

Oinet.kz 06-10-2024 25

Таңертеңнен бері, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге асыққан халық өте көп. Атап айтсақ, Келес ауданына қарасты Бозай ауылдық округіндегі оранласқан №375 сайлау учаскесіне келішілердің де қарасы қалың.

Screenshot_45.jpg

Дауыс бергендердің қатарында №59 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде 35 жыл директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, зейнетке шыққан еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Мырзабай Хидиров өзі тіркелген №375 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Жалпы бұл саяси шараға ауыл ақсақалдары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға асығуда. 

- Бүгін елімізде үлкен мереке. АЭС салуға қатысты референдумға ауыл ардагерлері белсенділік танытып, өз дауысымызды беруге келдік. Мемлекет басшысы осындай маңызды шешімді халықтың еркіне беріп отыр. Осыны біз, ақсақалдар, үлкен жауапкершілікпен қабылдаймыз. Жастарымыз елдің болашағына бейжай қарамай, таңдауларын жасауға тиіс. Біз тек өз дауысымызбен ғана емес, өнегемізбен де үлгі көрсетуіміз қажет. Бүгін мен елімнің болашағы үшін өз үлесімді қосқалы отырмын. Әр адам дауыс беруге белсенді қатысуы керек. Себебі біз жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек. Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам, - деді Мырзабай Рахымұлы. 

Ақсақалдардың пікірінше, халықтың белсенділігі мен ынтасы ел дамуына оң әсерін тигізіп, әр азаматтың жауапкершілігін арттырады.

Айта кетейік, бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Ал бұл – саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум. Келес ауданында таңғы 07:00-ден бастап 11 ауылдық округі мен аудан орталығындағы 61 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. 

Халық сайлауға белсене араласып, таңдауын жасауда
Келестік жастар сайлауда белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу