Халық сайлауға белсене араласып, таңдауын жасауда

Oinet.kz 06-10-2024 25

Бүгінгі өтіп жатқан референдумда әр дауыс маңызды. Әр азаматтың референдумға қатысуы арқылы ел келешегі айқындалады. Түркістан облысының Келес ауданында таңғы 07:00-ден бастап 11 ауылдық округі мен аудан орталығындағы 61 референдум учаскесі өз жұмысын бастап кетті. Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндіктен, халық өз таңдауын жасауға асығуда. 

Screenshot_45.jpg

Маңызды саяси науқанда Келес ауданының тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Келес ауданындағы қариялар, ақ жаулықты аналар да референдум учаскесіне келіп, мерекелік көңіл-күймен өз таңдауларын жасады. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық аудандық ардагерлер кеңесіңнің төрағасы Шералы Сәрсенұлы және аудан орталығындағы ардагерлер Абай ауылындағы №324 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

– Бүгін қазақ халқы үшін айрықша тарихи күн. Маңызды саяси науқан референдум жарияланды. Қазақстан экономикасы үшін халықтың болашағы үшін үлкен маңызды, күрделі шешімді Мемлекет басшысы халықтың өзіне жүктеп отыр. Әрине,пікір алуандығы, таластар болып жатыр. Дегенмен халық өзінің таңдауын жасайды. Ел азаматтары он сегіз жасқа толғаннан бастап шешім қабылдауға қабілетті. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, экономикалық, энергетикалық дамуы үшін біз дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Әрине Президент жарлығымен немесе Парламет ұйғарымымен-ақ шешім шығаруға болар еді. Алайда Мемлекет басшысы таңдау құқығын халықтың өзіне берді, - дейді Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда ауданда 70642 дауыс беруші бар. Барлық 61 референдум учаскесінде 58 байқаушы мен мобильді капитандар жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 83 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр. 

Сайлау учаскелеріне ең алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыс етілуде.  Жалпыұлттық референдум нәтижесі негізінде халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді. 

Дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. 

- Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым, - деді аудандық аудандық ардагерлер кеңесіңнің төрағасы Шералы Сәрсенұлы.

Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды. ҚР Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. 

Түлкібастық қария отбасымен дауыс берді
Келесте еңбек ардагерлері референдумға қатысып, белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу