Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтуде. Саяси науқанда жасы 18-ге толған еліміздің азаматтары «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сұрағына өз жауабын белгілеп, таңдауын жасауда.
Солардың қатарында, Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекенің көпбалалы отбасы Ирсалиевтер де бар. Жалпы Түлкібас ауданының аумағында 60 референдум учаскелері таңғы сағат 7-00 ден өз жұмысын қызу бастап кетті. Аймақта сайлаушылар саны 60268 адамды құрап отыр.
Бүгінгі таңда зейнеттік жастағы отағасы Иянали Ирсалиев жұбайы Умрай ханым және бала-шағасымен бірге тааң ертеңнен референдум учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасады.
- Ең алдымен адамға керегі – денсаулық. Екінші керегі – ақ жаулық. Ақ жаулық дегеніміз отбасы. Әр отбасының жағдайы, тұрмысы түзу болса, Отан да берік болады. Сондықтан әр адам дауыс берерде өзінің ішкі түйсігіне, мәдениетіне, біліміне иек артып, болашақ ұрпақ үшін шешім қабылдауы керек. Қай уақытта да жақсылыққа ұмтылу керек. Сол жақсы жаңалықтардың бастамасы үшін жұбайым мен келінім төртеуміз келдік. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін!, - дейді Иянали Ирсалиев.
Жалпы Түлкібас ауданы, Түлкібас кентіне қарасты барлық сайлау учаскелерінде атап айтқанда №841, 842, 843, 844, 845 Референдумға алғашқы болып дауыс беруге келген кент тұрғындарына сыйлық берілді. Сондай-ақ, мұнда бүгін сайлаушылардың құрметіне орай жәрмеңке, спорттық ойындар ұйымдастырылды.