Референдумға Ғалым отбасымен қатысып таңдау жасады

Oinet.kz 06-10-2024 30

Бүгін – Қазақстан үшін тарихи маңызы бар күн. Еліміздің түкпір-түкпірінде АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Еліміз үшін жауапты науқанда азаматтарымыз өз таңдауын жасап, белсенділігін танытып жатыр. 

Screenshot_43.jpg

Отырар ауданы Шәуілдір ауылында орналасқан №521 референдум учаскесінде дауыс берушілерінің де азаматтық паразын орынайтын күнді тағатсыздана күткенін анық байқауға болады. Референдум учаскесіне таңнан бері үздіксіз келіп жатқан тұрғындар ел азаматтары мұндай маңызды шарадан қалыс қалмары тиіс деген ойда шәуілдірлік Ғалым Нәлібаев. Бір атап өтерлігі аталған учаскеге жұбайы және келінімен келген Ғалым Нәлібаев маңызды қадамдардың барлығы жақсылықтың нышаны дейді.

–Бірнеше уақыттан бері Қазақстан Республикасы Референдум туралы заңына сәйкес бір айлың ішінде елімізде АЭС салу мәселесіне қатысы көптеген жұмыстар жүргізілді. Бүгін міне, халық өз таңдауын жасап, нақты бір шешімге келіп мәселенің нүктесі қойылғалы тұр. Осы тұста мен де ел ертеңі, немерелерімнің ертеңі үшін өз атымнан, отбасымның атынан таңдауымды жасағым келіп тұр. Қай қоғамда, қай мемлекетте болмасын саяси деңгейін анықтайтын үрдістер бар. Соның бірі осы референдум. Атом стациясын салу бойынша өтіп жатқан референдум халықтың бірлігін көрсетуде. Бұл күні референдум учаскелеріне келіп, дауыс беру – барша қазақстандықтардың парызы. Қуанатыным еліміз тәуелсіздік алғалы түрлі саяси науқандарда халық осылай белсенділік танытып келеді. Бүгін де еліміздің ертеңі үшін таңдау жасалады. Мемлекет үшін таңызды таңдауда, келісім беруде халықтың үні маңызды фактор. Жыл өткен сайын сайлаушылардың, дауыс берушілердің саны артып келеді. Қоғамның өсіп өркендеуі осындай үрдістер арқылыанықталуы керек. Ертеңгі экономикамыз, саяси бағытымыз бүгінгі жасаған таңдауымызға байланысты. Референдумның маңыздылығын түсінген барша тұрғындар сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасайтындарына сенімін білдіремін – деді Ғалым Нәлібаев. 

Референдумға зейнеткерлер, спортшылар мен жастар да келіп біркісідей таңдау жасауда. Айтулы күні өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында сан салада қарымды қызмет атқарған қоғам белсенділері де таңдау жасау науқанынан шет қалмаған. 

«Бүгін еліміз өз болашағы үшін таңдау жасауда. Азаматтық құқығымды пайдаланып, отбасыммен бірге өскелең ұрпақ үшін, немерелерім мен шөберелерім үшін дауыс бердім. Біз үшін ең маңыздысы – ел болашағы. Мемлекетіміздің тұрақты өркендеу жолын таңдауы», деді ауыл қариялары. 

Ардагерлер де саяси науқаннан тыс қалмады
Түлкібастық қария отбасымен дауыс берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу