Ардагерлер де саяси науқаннан тыс қалмады

Oinet.kz 06-10-2024 12

Бүгін Қазақстан Республикасының халқы ел аумағында атом электр станциясын салуына қатысты ортақ бір шешімге келмек. Осыған орай, 6 қазан күні елімізде жалпыхалықтық референдум өткізу жоспарланып, таңғы сағат 7:00-ден бастап учаскелері өз қызметін бастаған. Оған бірінші кезекте Отырар ауданында қарттар да белсенді қатысуда. 

Screenshot_42.jpg

Мәселен, Ескі Шілік ауылындағы №525 референдум учаскесінің комиссия мүшелері тасымалдайтын жәшікпен қарт аталар мен әжелердің үйінде болды. Қарттар елдің жарқын болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Жалпы аудан көлемінде 153 тыл ардагері және 5 мыңнан астам зейнеткер бар. 

Сондай-ақ аудандағы Балтакөл ауыл округі, Көлқұдық елді мекенінде орналасқан №489 сайлау учаскесінде ақ жаулықты апаларымыз еліміздің саяси науқанынан тыс қалмай сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, жастарға үлгі-өнеге көрсетті. 

Ал Ақтөбе ауылындағы №501 сайлау учаскесінде 90-ға келген қария дауыс берді. өзінің айтуынша 89 жастағы ауыл тұрғыны Садық Шотаров №501 референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын ауданның даму жолына жұмсап, елге қызмет еткен еңбек ардагері бүгінгі маңызды саяси науқан жоғары деңгейде, әділ өтсін деп бата берді.

«Ел болашағы үшін әрбір азамат дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-ға таяғанына қарамастан таңсәріден келіп өз таңдауымды жасап, саяси науқаннан шет қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын», – деп ізгі ақ тілегін жеткізді Садық Шотаров. 

Отырар ауданында сайлаушыларды тегін тасымалдау ұйымдастырылды
Референдумға Ғалым отбасымен қатысып таңдау жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу