Отырар ауданында сайлаушыларды тегін тасымалдау ұйымдастырылды

Oinet.kz 06-10-2024 35

Отырар ауданында таңертеңнен бері, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге асыққан халық өте көп. Аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелерінің айтуынша, жалпы бүгін таңғы сағат 7-00-ден бастап аудан аумағындағы референдум учаскелерінде еліміздің Әнұраны шырқалып, ресми түрде өз жұмысын бастады.

Screenshot_41.jpg

Ауданда жалпы 40 референдум учаскесі бар. Оның 1-еуі жабық, қалған 39-ы жұмыс істеп тұр. Барлық учаскелер интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылған.

Ең жас сайлаушы аудандағы №524 сайлау учаскесінде тіркелді. Шілік ауылының тұрғыны, ең жас дауыс беруші Сүлеймен Нұртазаев таң ертеңмен дауыс берген жастың бірі.  

- Бүгін еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі болған жалпыхалықтық науқанға алғаш рет қатысып отырмын. Өйткені, еліміздің ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтың бірі ретінде таңдау жасау мен үшін үлкен жауапты сәт. Мен елімнің ертеңі жарқын болатынына кәміл сенемін, – дейді Сүлеймен Сұлтанұлы. 

Сайлау округінде алғаш дауыс берген оған әрі ең жас сайлаушы ретінде сыйлық табысталды.

Атап өтерлігі, Отырар ауданындағы референдум учаскелерінен шалғай орналасқан тұрғындарға демеушілер есебінен тегін тасымалдау қызметі көрсетіліп, сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалуда. Өз кезегінде тұрғындар осындай маңызды сәтте қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын айтып, таңмен таласа референдум учаскелеріне алғашқылардың бірі болып барып өз таңдауларын жасады.

Еліміздің әрбір қадамы біз үшін маңызды
Ардагерлер де саяси науқаннан тыс қалмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу