Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бүгінгі елміз үшін маңызды күнді сайлаушылар жақсы сезініп, түсінуде. Олар әртүрлі ерекшелік байқатуда. Мәселен, бүгінгі референдумда Қазығұрт ауданы тұрғындары жоғары белсенділік танытуда. Аудандағы №280 сайлау учаскесіне аудан әкімі Азизхан Исмаилов алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сай референдум барлық талапқа сай ауданда өтіп жатыр. Ел таңдауы ел дамуына әсер етеді. Әр азамат өз таңдауын жасауға құқылы. Сол құқымызды пайдаланып дауыс беруге келдік. Еліміздің әрбір қадамы біз үшін маңызды, - дейді аудан әкімі.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов бұл референдумның маңыздылығы жоғары екенін айтып, баршаны атаулы референдумда белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Айта кетейік, Қазығұрт ауданы бойынша жалпы 13 ауыл округте 61 сайлау учаскелер бар. Оның баршасы таңғы сағат 7:00-ден бастап белсенді жұмыс жасауда. Ал, жалпы тұрғындар арасынан 64712 сайлау құқығына ие сайлаушылар бар.
Елдің келешегі үшін маңызды шешім жасалар сәтте референдумға қазығұртықтар да белсенді қатысуда. Мұндағы 61 сайлау учаскелеріндегі қарбаласқа қарап, тұрғындардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтындарын байқадық. Мұнда референдумға тап-тұйнақтай әзірлік те аңғарылады. Тарихи сәтте өз таңдауын жасаған тұрғындардың біразын сөзге тартып, пікір сұрап едік, көбі «Елімізде АЭС-тың салынып-салынбауы болашағымыз үшін өзекті. Сондықтан өз таңдауымызды жасауға асықтық» дейді.
Жалпы аудандағы сайлау учаскелеріне жауапты мектеп әкімшілігі таңдау жасауға келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама дайындап, ыстық бауырсақ таратып жатыр. Сонымен қатар, сайлаушылар үшін түрлі спорттық ойындардан жарыс та ұйымдастырған.