Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Тәуелсіз еліміздің тарихында бүгін елеулі оқиғаға орын алған күн. Өйткені бүгін, яғни 6 қазанда қазақстандықтар бүкілхалықтық референдум арқылы елімізде АЭС салу мәселесі өз шешімін табады.
Қазығұрт аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазығұрт, Төлеби аудандарының «Құрметті азаматы», «Парасат» орденінің иегері Аманбай Жанұзақұлы атаулы референдумда өз таңдауын жасау үшін алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне барды. Өз құқықтарын пайдалана отырып, ел болашағына алаңдайтын азамат ретінде маңызды таңдауын жасады. Сондай-ақ, сайлау құқығына ие барша азаматтарды референдумда белсенділік танытуға шақырды.
– Мен Қазығұрт ауданында тұрамын. Сондықтан өзім тұратын аудандағы сайлау учаскесіне сағат күндізгі 07.30-да келіп, өз таңдауымды жасадым. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Аудан орталығындағы азаматтардың 19-20 пайызы зейнеткерлер. Азаматтардың дауыс беруде белсенділік танытып жатқаны мені қуантты. Себебі жұртшылықтың бүгінгі жасаған таңдауы қазақ елінің болашағының баянды болуына жол ашатын ең маңызды қадам деп білемін, – дейді Аманбай Жанұзақұлы.
Сондай-ақ ертеден келіп дауыс берген үлкендердің қатарында Қазығұрт аудандық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының мүшелері де бар. Ауданның ақ жаулықты әжелері бүгінгі референдумда белсенділік танытуда. Атаулы ұйым мүшелері барша ауыл округтерде сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасауда. Соның бірі «Әжелер алқасы» ұйымының мүшесі, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» Қатира Бекмұратова.
- Немерелерден шөбере сүйіп отырған әжемін. Әрбір көрген таңыма шүкірлік етемін. Келер күнді көрер ұрпақтарымыз ештеңеден тарықпай, бақуатты өмір сүруі үшін бүгін әрекет етуіміз керек. Келер күннің қамын ойлаған бүгінгі сайлауға да осы мақсатта өз таңдауымды жасау, - дейді ол.
Қатира Нәдірбекқызы алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасап, арнайы сыйлық алды. Сондай-ақ, баршаны ел болашағы үшін маңызы жоғары референдумда таңдау жасауға шақырды.
Жалпы аудан аумағындағы 61 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7:00-ден мемлекеттік Әнұранмен бастап, аудан тұрғындары өз таңдауын жасау үшін өздеріне бекітілген учаскелерге арнайы келуде.
Тұрғындар өз бюлетенінде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деген тұсты белгілеп үн қосады. Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің болашағына елеулі әсер ететіндіктен, халық өз таңдауын жасауға асығуда.
Сайлау учаскелеріне ең алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыс етілуде.