Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Референдум учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде.
Бүгін республика аумағында ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен АЭС құрылысын салу бүкіл халықтың талқысына шығарылып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс. Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 референдум учаскесінде 44 072 азамат өз таңдауын жасай алады. Қазіргі таңда сайлау учаскесінің есігі келушілерге ашық.
Референдум учаскелерінде қауіпсіздік шаралары санитарлық нормаларға сай ұйымдастырылған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде. Мәселен, Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының 18 жасқа толған тұрғыны саяси белсенділік танытып, алғаш рет өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне келді. Жас сайлаушының бұл батыл қадамы қоғамның назарын аударды және жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің үлгісіне айналды. Мұнда 28 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш бергенімен, соның бірі, мүмкіндігі шектеулі азамат Д есімді азамат өзі келіп, өз таңдауын жасады. Осы іс-әрекеті арқылы ол өзгелерге мұндай маңызды шарадан шет қалмай жастарға өнеге көрсетті.
– Әрбір ел азаматы міндетті түрде сайлауға қатысуы керек. осылайша осындай жалпыхалықтыш шараларда үлес қосу маңызды. Мен үнемі сайлаулардан тыс қалмай, өзім келіп, сайлауға қатысып, дауысымды беремін. Азаматтық борышымды осылай көрсетіп, өз таңдауымды жасаймын. Өз басым, «ел ішінде өте маңызды саяси науқан болып жатқанда өз таңдауыңды жасауға асықпау – азаматтық парызды орындамау», деп білемін. Мен осы жасыма дейін елдегі елеулі істерден тыс қалған емеспін. Өйткені мен үшін елдің ертеңі маңызды, – дейді Д есімді азаматша.
Жалпы Арыс қаласында мүгедектігі бар азаматтар да ел болашағына бей-жай қарамай, дауыс беруге өз үлестерін қосты. Мәселен, қаладағы инватакси қызметі ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлау учаскелеріне еш қиындықсыз жетуін қамтамасыз етуде. Инватакси қызметін пайдаланушылардың бірі Алиев Абайбек пқоғамның әрбір мүшесінің пікірі маңызды екенін айтып, осындай мүмкіндіктердің барлығы үшін алғыс білдірді. Ол референдумға қатысу өзінің азаматтық борышы екенін атап өтті. Жергілікті билік пен сайлау комиссиясы да инклюзивті жағдайлар жасап, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруін жеңілдету үшін барлық шараларды қолға алды.
– Маңызды шешім қабылдау жолында барлығымыз дауыс беріп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Елдің қамын ойлау, болашағына нық сеніммен қарау әрбіріміздің азаматтық парызымыз болуы тиіс, - дейді Алиев Абайбек
Комиссия мүшелері оны жылы қабылдап, барлық қажетті жағдайларды жасап, дауысты беру процесін барынша ыңғайлы етіп ұйымдастырды.