Еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым

Oinet.kz 06-10-2024 35

Бүгін ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. 

Screenshot_36.jpg

Отырар ауданындағы аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы аудандық мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан №520 референдум учаскесінен аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы барып, тіркеу рәсімінен өтіп, өз дауысын берді. Сөйтіп аудан басшысы да көпшілікпен бірге дауысын беріп, жалпыхалықтық референдумға үлесін қосты. 

Сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Ең бастысы таңғы сағат 7.00-де ашылған сайлау учаскесінде тұрғындар белсенділгінің жоғары екендігі байқалады. 

Ауданда жалпы 40 референдум учаскесі бар. Оның 1-еуі (Аудандық орталық емхана) жабық учаскі. Референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 7.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

Сайлау учаскесінде болған сәтте осы маңда тұратын сайлаушылар лек-легімен келіп, өз таңдауларын жасап жатты. Олардың қатарында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бар. Жалпы бұл сайлау учаскеде мыңнан аса сайлаушы бар екен. Оның ішінде жиырмаға тартасы денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш бергендер. 

Сайлау Заңына сәйкес дауыс берген аудан әкімі референдумға қатысу барша қазақстандықтың азаматтық парызы екенін атап өтті.

- Елімізде жалпыхалықтық референдум өтуде. Ел азаматтары бүгін азаматтық ұстанымын сақтай отырып міндетін орындап, өз таңдауын жасау арқылы еліміздің даму жолын айқындайды. Бүгін мен халқымыздың бірлігі жолында, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, - деді Қайрат Жолдыбайұлы. 

АЭС-тің қоршаған ортаға ешқандай зияндылығы жоқ
Өз таңдауымды жасадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу