Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Алдағы республикалық референдум – елді одан әрі демократияландырудың дәлелі ретінде бар саяси институттарды пайдалана отырып, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігі болып табылады. Қоғам бірте-бірте, тұрақты түрде сайлау процесіне қатысуға дағдылана бастады. Оған Халықтық штаб мүшелерінің қосқан үлесі де аз емес.
Кеше Түлкібас аудандық қоғамдық штаб мүшелері Е.Жүнісов, С.Таңатбаев және А.Қалдыбеков аудандағы «Састөбе цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымымен кездесіп, 6 қазанда өтетін Референдум бойынша АЭС салуға қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
АЭС Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігіне айтарлықтай ықпал ете алады. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарының, су электр cтансаларының және жаңартылатын энергия көздерінің болғанына қарамастан елдің энергетикалық жүйесі қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығына тап болып отыр, ол болжам бойынша тек ұлғаяды. Экономикалық дамуға және халықтың өсуіне байланысты өсіп келе жатқан сұраныс жағдайында 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам қуаттылығы бар cтансаларды іске қосуға жоспарланған. Оның ішінде қолданыстағы cтансалардың жаңарту жұмыстары бар, жел мен күн электростансаларының жаңа жобалары көзделген және газ cтансаларының жобалары бар. Сонымен қатар екі үлкен қуатты реакторлары бар бір атом электр cтансасы қарастырылып жатыр.
- Қоғамдық санада радиациялық қауіп туралы стеоратип сақталуда. Яғни, радиацияның адам денсаулығына, қоршаған ортаға тигізетін залалы туралы алаңдаушылық білдіретіндер аз емес. Бұған қатысты ғалымдар «радиацияланған отын қалдық емес, қайта өңдеу нәтижесінде пайдалы материалдардың 90 пайыздан астамын қайта пайдалануға болады. Радиоактивті қалдықтардың шамамен 97 пайызы радиохимиялық көрсеткіштері бойынша төмен деңгейлі қалдықтарға жатады. Жоғары деңгейдегі қауіпті қалдықтарға келетін болсақ, ол 01 пайыздан төмен» дейді Е.Жүнісов.
Энергетика саласындағы инновациялардың даму деңгейі қалай? Энергетика саласындағы инновацияларды дамытуда әртүрлі білім саласындағы ғалымдар арасындағы ынтымақтастық дамып келеді. Мысалы, жасанды интеллект ядролық ғылымның дамуында маңызды рөл атқаруда. ЖИ ауқымды және күрделі мәселелерді шешу қабілетінің арқасында термоядерлік синтез саласындағы эксперименттер жүргізуге және модельдеу мен имитациялау арқылы ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді. Мұндай инновациялар климаттың өзгеруін шешудің және болашақ ұрпақтар үшін тұрақты энергия көзін қамтамасыз етудің кілті болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадрлар даярлау мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Бұл орталық осы кезге дейін көптеген білікті ғылыми кадрларды дайындады. Алдағы уақытта да дайындай беретін болады. Қазақстанда екі ірі ғылыми ұйым бар: біріншісі Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы, екіншісі, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты. Бұл институттар атом электр станцияларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету рөлін атқарады.
Бүгінгі кездесуде штаб мүшелері жиынға қатысушыларға Қазақстанда АЭС салынуының энергия тапшылығынан құтқарумен қатар экономикалық-әлеуметтік дамуымызға да септігін тигізетіндігін айтты. Аудандық қоғамдық штаб мүшесі С.Таңатбаев: «Энергия тапшылығы қазіргі кездің өзінде сезіледі. Бірнеше сағатқа жарық өшсе қандай күйде боламыз. Бүкіл тіршілігіміз тоқырап, әбігерге түсеміз. Бұлай кете берсек, келешекте ұрпағымызға не қалдырамыз? Сондықтан Сіздерді Мемлекет басшысының АЭС салу бастамасын қолдауға, референдумға бірауыздан қатысуға шақырамын» деп, жиынды қортындылады.