Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
АЭС салуды қолдау жөніндегі Қызылорда облысының Қармақшы аудандық Халықтық штаб өкілдері Мақсат Есбенбетов, Сейл Жұмадьяров Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі елімізде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы сөз болды. Кездесуде аудандық штаб мүшелері елдегі энергетика тапшылығына тоқталып, мәселенің алдын алуға бағытталған жұмыстарды атап өтті. Соның ішінде АЭС құрылысы мемлекет үшін ең тиімді жоба екенін тілге тиек етті.
Халықтық штаб мүшесі Мақсат Есбенбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылып отыр. Жыл сайын елімізде электр қуатын тұтыну көрсеткіші арта береді. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған станциялардың оған шамасы келмейді. Сондықтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет. Атом электр станциясы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға жол ашады және экономиканың дамуына да оң ықпал етеді. Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары. Сонымен қатар станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
- Мемлекет басшысы Жолдауында әлемде энергия тапшылығы күшейіп бара жатқанына тоқталып, бұл мәселені атом энергетикасын дамыту арқылы шешуге болатынын атап өтті. «Елімізге сенімді жөне экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан дықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады», - деген Мемлекет басшысы қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Президент: «Мен атом электр стансасын ралуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын», - деді. Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін жеткізді.
Осылайша Президент тағдыршешті мәселені референдум арқылы халықпен ақылдасу туралы өз ұстанымын білдірді. Ал Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жүргізген сауалнамасына қарасақ, қазірдің өзінде респонденттердің 60 пайызға жуығы референдумға қатысуға ниетті екен. Енді барлығы ел тұрғындарының қолында.
Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, - деді штаб мүшесі Мақсат Есбенбетов.
Аудандық Халықтық штаб мүшелері АЭС қауіпсіздігі, жобаның орындалу мерзімі мен ел азаматтарының жұмысқа орналасу мәселесіне де тоқтап өтті.
Жиында АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз және оған әлемдегі АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны елдер дәлелдемесі айтылды.
Басқосу барысында жиынға қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, Президенттің бұл бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
«АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады», - деп атап өтті өз кезегінде штаб мүшесі Сейл Жұмадьяров.
Жиында ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.