Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Халықтық штаб мүшелерінің тұрғындармен кездесу жиындары жалғасуда. Кеше Сауран ауданында іссапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов болып, референдум қарсаңында өңір халқымен кездесіп, АЭС құрылысы бойынша сөз қозғады.
Мәжіліс депутаты алдымен Қарашық ауылындағы «Азим-Ата» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу Атом электр станциясын салуды қолдаудың маңызы тақырыбы аясында өрбіді. Жиынды Amanat партиясының Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы ашып, жүргізді.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан, еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірігіп, ел арасында үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті.
«АЭС салу туралы сөз қозғаған кезде біз шетел деректері мен ядролық энергетика саласында жүрген мамандардың айтқандарына сүйенеміз, Олардың айтуынша, АҚШ әлемдегі ең ірі атом энергиясын өндіруші мемлекеттердің бірі. АҚШ-та 90-нан астам атом электр стансасы жұмыс істейді. Бұл елдің жалпы электр энергиясының шамамен 20 пайызы АЭС арқылы өндіріледі. Жапониядағы «Касивадзаки-Карива АЭС» әлемдегі ең ірі атом электр стансасы. Станса 9 ядролық реактордан тұрады. Жалпы қуаттылығы шамамен радиот Станса Жапонияның Ниигата префектурасында орналасқан. Канададағы «Брюс» атом электр стансасының қуаты шамамен 6 400 мегаватт. Станса Канададағы электр энергиясының үлкен бөлігін қамтамасыз етеді. «Запорожье АЭС» Украинадағы және Еуропадағы ең ірі атом электр стансасы және жалпы қуаты 6 000 мегаватты құрайды.
Сондай-ақ Франциядағы «Гравелин АЭС» елдегі ең ірі атом электр стансаларының бірі. Францияда электр энергиясының 70 пайыздан астамы атом электр стансаларынан өндіріледі. Бұл Францияның жаңартылатын энергия көздеріне тәуелділігін азайтуға және көміртегі шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ресей де ядролық энергетика саласында алдыңғы қатарлы елдердің санатында. Ресейде шамамен 40-қа жуық АЭС жұмыс істейді және елдің электр энергиясының шамамен 20 пайызын қамтамасыз етеді. Ресей ядролық энергетиканы дамыту мен шетелдерге экспорттауда белсенділік танытып келеді. Қытай соңғы онжылдықта ядролық энергетикаға үлкен инвестиция құйып, АЭС саласындағы әлемдік көшбасшы елдер қатарына қосылды. Қазіргі уақытта Қытайда 50-ден аса ядролық реактор жұмыс істейді және тағы да көптеген реактор құрылыс сатысында. Оңтүстік Корея да ядролық энергетиканы белсенді пайдаланады. Елде 24 ядролық реактор жұмыс істейді және электр энергиясының шамамен 30 пайызын өндіреді» деп атап өткен жиын модераторы Сағынбек Жақсыбекұлы республикалық Халықтық штаб, ең алғашқы кездесулерін, киелі Түркістан өңірінен бастауы үлкен қуаныш екенін жеткізді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Байтілесов сөз кезегінде АЭС салу не үшін қажет екеніне тоқталды.
- Атом электр станциясының біз үшін неге қажет? Ең алдымен, энергия тапшылығы мәселесіне тигізер әсері болмақ. Себебі, мемлекет алдағы 5-10 жылдыққа арнайы зерттеу жасады. Зерттеу нәтижесі бойынша алдағы уақытта энергия тапшылығы кең көлемде орын алуы мүмкін. Оны шешудің бірден-бір жолы – АЭС салу. Екіншіден, энергия көздерінің бірнеше түрі бар. Көмір арқылы жылу электр станцияларын 70 пайызға жүргізсек, газды 20 пайызға қолданамыз. Жер мен су энергиялары тағы бар. Бірақ, осылардың барлығын қосқанда АЭС-ның қуаттына жетпейді. АЭС-тің халыққа пайдасы – өзімізге тиімді, жаңартылған күшті энергия көздерін алуға қадам басамыз. Сонымен қатар, электр қуаты бойынша Ресей, Қырғыз және Өзбекстанға тәуелді болмаймыз, - деді Нұрсұлтан Төленұлы.
Жалпы әлемде АЭС-тен бас тартқан елдер де аз емес. Мәселен, Германия 2011 жылы Фукусима апатынан кейін ядролық энергиядан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім елдегі барлық атом электр стансаларын 2022 жылға дейін кезең-кезеңімен жабуды қарастырды. Қазіргі уақытта Германия жаңартылатын энергия көздеріне көбірек көңіл бөлуде.
Италия 1986 жылғы Чернобыль апатынан кейін АЭС-терден толық бас тартты. Елде 1987 жылы өткізілген референдумнан кейін атом электр стансалары жабылды. Италия қазір негізінен газ және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланады. Швеция ұзақ уақыт бойы АЭС-терді белсенді түрде пайдаланса да соңғы жылдары атом энергетикасынан біртіндеп бас тартуды көздеуде. Елдегі бірнеше атом реакторы жабылып, жаңартылатын энергия көздеріне ауысу процесі басталды. Швейцария да атом энергетикасынан бас тарту туралы шешім қабылдаған елдердің бірі. 2017 жылы өткізілген референдумнан кейін ел біртіндеп АЭС-терді жабуға кірісті. Швейцария да жаңартылатын энергия көздеріне басымдық беріп келеді.
Атом электр стансалары қазіргі заманғы энергетика саласындағы маңызды технология болып қала бермек. Алайда қауіпсіздік мәселелері мен радиоактивті қалдықтарды сақтау проблемаларына байланысты көптеген ел атом энергетикасынан бас тартуды таңдады.
Ядролық энергетика саласындағы жаңа технологиялар қауіпсіздік пен тиімділік деңгейін арттыруда. Сондықтан бұл саладағы даму болашақта жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін.
Жиын соңында штаб мүшелері барлық қатысушыларды 6 қазан күні Референдумға қатысып, АЭС құрылысына дауыс беруге шақырды.