Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Түлкібас ауданында құрылған халықтық штаб мүшелерінің өңір тұрғындарымен кездесулері өз жалғасын табуда. Халықтық штаб мүшелері Е.Жүнісов, С.Таңатбаев, А.Нұранов кеше «Тең қоғам» әлеуметтік қызмет ету орталығы ұжымымен кездесіп, АЭС бойынша түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Атом электр стансалары энергетика саласында маңызды рөл атқарады. Жалпы АЭС электр энергиясын өндірудің экологиялық таза және экономикалық тиімді жолдарының бірі ретінде танылғанымен артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әртүрлі пікір айтылады. Атом электр стансасы атом ядроларын бөлшектеу арқылы жылу энергиясын электр энергиясына айналдыратын станса. Ядролық реакторда уран немесе плутоний сияқты радиоактивті материалдардың ядролары бөлініп, нәтижесінде үлкен көлемде жылу бөлінеді. АЭС атмосфераға парниктік газдарды көп мөлшерде шығармайды, сондықтан экологиялық таза энергия көзі», - деп атап өтті кіріспе сөзінде штам төрағасы Е.Жүнісов.
АЭС-тің көмір немесе газ сияқты дәстүрлі энергия көздеріне қарағанда климатқа аз әсер етеді. Бір ядролық реактордан алынатын энергия өте көп. Уранның шағын мөлшері үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады. Атом стансалары ұзақмерзімді және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл жаңартылатын энергия көздеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Атом энергиясының дамуы ХХ ғасырдың ортасында басталды. Ядролық физика саласындағы ғылыми жетістіктер мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ядролық қару жасаудың нәтижесінде ядролық технологиялар пайда болды. Бірақ соғыс аяқталғаннан кейін ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану басталды.
Әлемдегі алғашқы коммерциялық АЭС 1954 жылы КСРО-да Обнинск қаласында салынды. Бұл станса электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылған алғашқы ядролық станса болып саналады. Содан бері ядролық энергетика бүкіл әлем бойынша кең тарала бастады. Осы деректерді келтіре келіп, штаб мүшелері С.Таңатбаев пен А.Нұранов АЭС-ті пайдаланып отырған елдердің тәжірбиесімен таныстырды.
Жиын барысында екі тарап еркін пікір алмасты. Ұжым мүшелері АЭС құрылысы бойынша өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сауалдарына жауаптар алды.
Атом электр станцияларының жетілдірілген буындары қауіпсіздік кілті болып табылады, атап айтқанда, белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерін біріктіретін, станцияны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін ІІІ + буын реакторлары бар қондырғылар. Қазіргі заманғы үшінші буын станциялары үшін ауыр апаттың ықтималдығы жылына 10-7 оқиғадан аз – 10 миллион жылда бір ғана апат болуы мүмкін. Станциялар құнынының 40 пайыз қауіпсіздік жүйелеріне бағытталады. Мысалы, ЖЭС-те көмірдің жарылу ықтималдығы 80 есе жоғары. Чернобыль атом электр станциясы 1977 жылы, ал Фукусима АЭС 1971 жылы салынған және қазіргі атом электр станцияларымен салыстырғанда апат қаупі жоғары болатын ескі буын реакторлары болған. Қазіргі станцияларда ыдыраған өнімдердің сыртқа шығуына жол бермейтін күмбез қолданылады. Егер реактор ерісе немесе зақымдалса, күмбез радиоактивті заттардың бөлінуіне жол бермейді.
Қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында байқалады, 2023 жылдың соңында ол 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Бүгінде бұл өңірлердегі электр қуатының тапшылығы солтүстіктен келетін ағынмен жабылуда. Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3 пайызға өседі.
Аудандық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары С.Таңатбаев: «АЭС салу энергия тапшылығынан арылып, тәуелділікті болдырмаумен қатар, төмен көміртекті экономикаға жаҺандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы. Жаңа жұмыс орындары ашылып, инновациялық технологиялардың дамуына негіз болады. Баршаңызды 6 қазан күні өтетін референдумға ұйымшылдықпен қатысып, ел ертеңі үшін маңызды қадам жасауға шақырамын», - деп өз ойын қортындылады.