Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Атом электр станциясы жайлы айтқанда, халықтың есіне Чернобыль, Фукусима және тағы басқа жағдайлар түседі. Әрине бұл ащы да болса тарихи шындық. Дегенменде, сарапшылардың сөзінше, жаңа технологиямен салынатын 3, 3+, 4-ші буындағы реакторлар қауіпсіздік кепілі бола алады.
Өрт, басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жүйе белгі беріп, реакторлар өздігінен оқшауланып, автоматты түрде сөніп қалады. Мамандар 3, 3+, 4-ші буын реакторлар алпыс жыл, тіпті 80-100 жылға дейін жұмыс істеуге қауқары бар екендігін айтады.
Осы тұрғыда Қазығұрт ауылы округінде орналасқан «Ай-фарма» клиникасы ұжымымен АЭС салудың әлеуметтік артықшылықтары тақырыбында Қазығұрт ауылы округінің кәсіби емес медиаторы, түсіндіру тобының мүшесі Н.Пазылов медицина қызметкерлерімен кездесті.
- Атом электр стансалары тұрақты түрде электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл әсіресе өнеркәсіп пен ірі қалалар үшін маңызды. Сонымен қатар уранның үлкен қоры бар Қазақстан атом электр стансаларының арқасында энергияға деген қажеттіліктерді тиімді пайдаланып, көміртегі шығарындыларын барынша азайта алады. Жаңартылатын энергия көздері мен атом электр стансаларын дамыту еліміздің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің оңтайлы стратегиясы болмақ, - деді жиында сөз алған Н.Пазылов.
АЭС - еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Штаб мүшелерінің сөзіне сүйенер болсақ АЭС тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі. Құрылысы көп уақыт алатын энергия көзінің салыну-салынбауы 6 қазан күні өтетін референдум нәтижесінде белгілі болады.
Ал жиында сөз алған ауыл кәсіпкері Айнагүл Нұржанқызы референдумда дауыс берудің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
- Атом электрастандасын салу жөніндей референдумға қатысу әрбір азамат үшін маңызды қадам. Атом электр стансалары экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ете алады. Бұл экономиканың дамуы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет. Референдумға келу арқылы сіз әркімнің мүддесін қорғайтын жобаға өз пікіріңізді білдіруге мүмкіндік аласыз, - деді кәсіпкер.
АЭС еліміздің дамуына үлкен септігін тигізетіні анық. Электр энергиясын көршілес мемлекеттерден сатып алмай, өз жерімізде өндіріп, жаһандық даму жолында ілгері жылжитынымыз анық. «Қоршаған ортаға қалдық тастау арқылы залал тудыру, табиғат қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу сынды жалған пікірлерді жоққа шығарғымыз келіп отыр. Себебі АЭС салынар болса, халықаралық «Магатэ» ұйымы толық бақылауына алатыны сөзсіз. Ал АЭС-тен шыққан үйінділер мен қалдықтар қайта өңделіп, әрі қарай жұмысын жалғастыра береді», деді Н.Пазылов.
Кездесу барысында өнеркәсіп пен экономиканы одан әрі табысты дамыту үшін елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңызы түсіндірілді.
- Әлеуметтік желілерде АЭС пен Семей полигонын салыстырып, жалған ақпарат таратып жүргендер бар. Әрине, бұл екі бөлек әлем. Бірі ядролық сынақ алаңы болса, екіншісі энергия көзін өндіретін үлкен құрал. Біз тоқсаныншы жылдары энергия көздерін Түркіменстан, Өзбекстан, Ресейден алдық. Бүгінде көршілес мемлекеттерден қомақты қаражатқа сатып алудамыз. Дегенмен елімізде жел, күн, су, жерасты суы, жылу энергиялары дамығанымен электр энергиясының тапшылығына душар болып отырмыз. Мемлекет басшысы айтқандай, АЭС халықпен бірге бірлесе отырып шешілетіні белгілі.
Энергетикалық тәуелсіздік АЭС-тар отын импортына тәуелділікті азайта алады. Меншікті энергия көздерінің болуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады және отынмен қамтамасыз етудегі тоқтап қалуларға байланысты тәуекелдерді азайтады. Әлеуметтік тұрақтылық Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Өңірлік даму АЭС салу және пайдалану өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл жұмыссыздықты азайтуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді.
Құрылыс өңірдегі көлік-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды талап етеді, бұл оның дамуына оң әсерін тигізеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ағымдағы жылдың 6-қазанында АЭС құрылысы жөнінде референдум өтетінін мәлімдеген болатын. Осыған орай, барша аудан тұрғындарын референдумға келіп өз таңдауларын жасауды сұраймын, - деді Н.Пазылов.