Медицина мамандарын референдумға қатысуға шақырды

Oinet.kz 09-09-2024 26

Атом электр стансасын салуға қатысты өтетін референдумда өз дауысын бермес бұрын әрбір азамат тағдыршешті мәселені терең түсініп, пайдалы әрі зиянды тұстарын таразылап, елдік деңгейдегі істі ой елегінен өткізуі керек. Осы мақсатта Төлеби аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, халыққа АЭС туралы ақпарат беруде. 

Screenshot_9.jpg

Жуырда аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров пен Бердіғали Өмірәлі аудандық емхана ұжымымен кездесті.

- Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы барын жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе көптеген өндіріс ошағы бар оңтүстік өңірлерде бұл мәселе тіпті күрделі. Соңғы жылдары мемлекетіміз баламалы энергия көздерін белсенді дамытып, күн, жел, су энергиясын ұтымды пайдаланып жатыр. Алайда жаңартылған энергия кездері бүкіл елді электр қуатымен қамтамасыз ете алмайды. Атом электр стансасының салынуы еліміздегі электр тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді. Бастысы электр энергиясы бойынша тәуелсіз елге айналып, көрші мемлекеттерден жылына миллиардтаған теңгеге энергия сатып алуды тоқтататын едік.

Дамыған көптеген ел атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланады. Мысалы, көрші Ресейдегі 11 стансада 36 энергоблок, Қытайдағы 18 атом электр стансасында 56 ядролық реактор бар. Сондықтан ел ертеңі үшін жаңашылдықтан қорықпауымыз керек, - деді Нұрлан Қойбағаров.

«Атом электр станциялары атом өнеркәсібінің элементі болып табылады, ал ядролық медицина әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу үшін изотоптарды пайдаланады. Соған қарамастан, атом электр станцияларының құрылысы ядролық медицинаның дамуына жанама әсер етуі мүмкін, мысалы, халық арасында радиофобияны төмендетуде. Адамдарды атомдық өнеркәсіп нысандарымен, соның ішінде атом электр станцияларымен таныстыру оларға ядролық технологияларды қауіпсіз деп қабылдауға көмектеседі. Егер қоғам атомды бейбіт мақсатта пайдалануды үйреншікті құбылыс ретінде қабылдай бастаса, бұл ядролық медицинаның өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай туғызары сөзсіз», деген пікірде медицина мамандары. 

Шетел ғалымдарының айтуынша, атом электр станциялары орнатылған аймақтарда онкологиялық аурулардың көбеюі тіркелмеген. Радиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, атом электр станцияларын салу және пайдалану онкологиялық аурулардың өсуіне әкелмейді екен. 

«Ел сарапшыларынының сөзіне сүйенер болсақ, «біздің елімізде радиациялық қауіпсіздіктің денсаулық сақтау кодексі мен санитарлық ережелері бар, бұл Қазақстанда атом қаруы сынақтан өткен Семей полигоны болғанын ескерсек, бұл өте маңызды атом қаруын қолдануға байланысты тарихи оқиғаларды ескере отырып. Нормативтік ережелер Қазақстандағы Семей полигонының масштабының қайталануына жол бермейді. Сондықтан АЭС салудан қорықпау керек», - дейді. Сондытан да елімізде АЭС салудан қорқудың еш негізі жоқ», - дейді штаб мүшесі. 

Дәрігерлер қауымы энергия тапшылығын болдырмау үшін атом электр стансасын салу қажеттілігін түсінсе де «АЭС тұрғындарға қауіп тендірмей ме?» деген уайымдарын жасыра алмады. 

- Бір ескере кетерлігі, Чернобыль атом электр стансасындағы апатқа адами фактор себеп болса, Жапониядағы Фукусима АЭС-індегі жарылысқа жер сілкінісі әсер етті. Алайда әлемнің көптеген елінде атом электр стансалары қауіпсіз жұмыс істеп тұр. Қазіргі заманда технология дамып жатқанын, ғылым бір орында тұрмайтынын ұмытуға болмайды. Біз соңғы технологияларды қолданып, қауіпсіздік деңгейі жоғары, үшінші буын стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Сіздердің шешімдеріңіз кейінгі ұрпақтарыңыз, бүкіл елдің болашағы үшін маңызды екенін түсінгендеріңіз абзал, деді Бердіғали Өмірәлі.

Сондай-ақ дәрігерлер АЭС салдарынан Балқаш көлі зардап шегуі мүмкіндігін айтып, алаңдаушылық білдірді.

- Қазақстанда қазірдің өзінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында, оның ішінде азаматтық ядролық секторды жүйелі дамыту мақсатында, теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Ұлттық ядролық орталықта ядролық реакторлардың жаңа түрлерін жасау, ядролық қондырғылар үшін жоғары дәлдіктегі жабдықтарды әзірлеу, АЭС қауіпсіздігін арттыру, атом өнеркәсібінің техникалық ғимараттары мен құрылыстарын жобалау, сондай-ақ ядролық реакторларға арналған озық отынды сынау бойынша жобалар іске асырылуда.

АЭС салу халықаралық ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді, зерттеулердің тақырыптық көлемі мен ауқымын айтарлықтай кеңейтуге жол ашады. Мүдделі тараптармен қосылып біздің ел ядролық физика, радиациялық материалтану, сейсмология, ядролық медицина, радиоэкологиялық сараптама және мониторинг салаларындағы заманауи жобаларды жүзеге асыра алады. Осы ғылыми жұмыс арқасында еліміздің атом өнеркәсібін ары қарай дамытуға жағдай жасауға болады.

Есептеулер бойынша, суды атом электр стансаларына пайдалану Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді. Пайдаланылатын су көлемі қауіпсіз нормативтерден аспайды, бұл суқоймадағы су деңгейінің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді,- деді Нұрлан Қойбағаров.

Кездесу соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері медицина қызметкерлерін референдумға қатысуға шақырды.

Бізге ертеңгі күнге деген сенімді арттыратын тұрақты және қауіпсіз энергия көзі қажет
Білім қызметкерлерімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу