Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын кезекті Жолдауында елге сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет екенін атап өтіп, атом энергетикасын дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Ел үшін маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылдануға тиіс, сондықтан Мемлекет басшысы елімізде АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуді тапсырды. Сөйтіп, Президенттің Жарлығымен 6 қазан – жалпыхалықтық Референдум өткізетін күн болып тағайындалды. Міне, ол мерзімге де санаулы күндер қалыпты.
Референдум қарсаңында сайлау учаскелердің дайындығы пысықталуда. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысына іссапармен келіп, Оқушылар сарайындағы референдум учаскесінің жұмысымен танысты. Одан бөлек, іссапар барысында Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «Республикалық референдумды дайындау мен өткізу мәселелері» тақырыбында кеңес өткізіп, референдумға дайындық жөнінде тиісті мемлекеттік органдардың басшыларының есебін тындады. Кеңесте Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов модераторлық етті.
- Электр қуатының тапшылығы қазірдің өзінде еліміз үшін едәуір проблемаға айналып отыр. Мамандардың айтуынша, АЭС салу үлкен шығындарды талап етеді, бірақ ұзақ мерзімді перспективада бұл шығындардың барлығы өзін-өзі ақтайды. Қалай десек те, электр энергиясы – қазіргі заманғы өркениеттің «қаны», оны өндіру үшін қазба отындарынан ядролық реакцияларға және судың, күн мен желдің қуатына дейінгі барлық көздер қолданылады. Бірақ адамзаттың қажеттіліктері барған сайын өсіп жатыр, ал ресурстар барған сайын азайып жатыр. Бұл жағынан Қазақстан басқа елдерден ерекше емес.
Электр қуатының тапшылығы қазірдің өзінде еліміз үшін едәуір проблемаға айналып отыр, ал болашақта ол үлкен сынаққа айналады. Ел ішінде электр қуатын жеткілікті түрде өндірмесек, біз энергетикалық тәуелсіздігімізді жоғалтып, қоғамымыздың дамуын бәсеңдетеміз. АЭС салу арқылы мемлекет бұл сынға лайықты жауап беруге және алдын алу шараларын қабылдауға ұмтылуда. Осы тұрғыдан алғанда, АЭС энергия тапшылығы мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі болып табылады, - дейді жиын модераторы Еркеғали Әлімқұлов.
Жиын барысында Түркістан облысы бойынша Аймақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев өңірдегі дайындық жұмыстары туралы баяндады.
– Бүгінде референдум учаскелері референдум өткізуге дайын. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Сайлаушыларға шақыру билеттері, есептен шығару талондары әзірленген. Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне ыңғайлы болу үшін кабиналары жаңартылды, сайлаушыларды хабардар ету мақсатындағы қағаздар, республикалық референдум заңы жазылған парақтар, сайлау бойынша ережелер жазылған парақшалар таратылуда, – деді Аңсар Өсербаев.
Оның айтуынша, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 351 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 90 пайызы түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сондай-ақ облыста жалпы 945 сайлау учаскесі бар. Бүгінгі таңда өңірдегі барлық аудан, қалаларда «сенім телефондары», облыста «109-бірыңғай» call-орталық жұмыс істеуде. Облыс әкімдігінің ресми интернет ресурстарында «Өз референдум учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Республикалық референдум қарсаңында референдум комиссиялары толық оқытылған.