АЭС – болашақтың қауіпсіз әрі экологиялық таза энергия көзі!

Oinet.kz 07-09-2024 11

Президент Жарлығымен 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өтетіні белгілі болғалы бері Халықтық штаб мүшелері мен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары еліміздің түкпір-түкпіріне шығып, халықпен кездесулер өткізуде. 

Screenshot_4.jpg

Еліміздің оңтүстік өңірлерін аралап жүрген депутаттардың арасында ҚР Парламенті Сенетының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев және басқа да азаматтар бар. Олар Түлкібас ауданындағы штам мүшелері Е.Жүнісов, С.Таңатбаев, А.Нұранов, Е.Киреевалармен бірлесіп, бірқатар елдімекендерде болып, халықпен кездесулер өткізді. 

Кездесудің мақсаты – Жолдаудың негізгі мазмұны мен бағыттарын түсіндіру, сондай-ақ қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау болды. Кездесу барысында электр энергиясының қалыптасқан тапшылығына байланысты тарифтердің сөзсіз өсуіне қарсы әрекет ету, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының жоғары қуаттылығына байланысты экологиялық жағдайды жақсарту, көршілес елдерден электр энергиясын жеткізушілерден еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің экономикасының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Халықтық штаб мүшелері Жолдаудың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, оның әрбір тармағының өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, АЭС салу жөнінде өтетін референдум туралы ақпарат беріліп, 6 қазанда оған ауыл тұрғындарын белсенді түрде қатысуға шақырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша толық қолдайтындығын білдірді. Шақбақбаба ауылында өткен жиында да халық АЭС салу уақыт талабы екенін айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органда 36, ғылыми-техникалық ұйымдарда 2,9, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 15 мыңға жуық маман қамтылған. Атом өнеркәсібіндегі студенттердің саны 9000 адамды құрайды. Бұл алдағы уақытта жас мамандар саны артатындығының көрінісі. Яғни, білім саласына тигізер әсері зор», - деп штаб мүшелері маман дайындау жұмыстарының біраздан бері басталып кеткенін де тілге тиек етті.

Ал аудандық Халықтық штаб мүшелері Ақбиік ауылының тұрғындарымен кездесуінде AЭС-тің осы бағыттағы артықшылықтары мен негзігі тигізер пайдасын кеңінен талқылады. 

«Орташа алғанда, атом электр станциясын пайдалану кезеңінде жоғары және орта арнаулы білімі бар шамамен 2000 адамнан тұратын қызметкер қажет. Осы мақсатта болашақта атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кадрларды даярлау жоспары жеке әзірленіп, қабылданбақ. Оның негізінде қажетті мамандар даярланатын болады. 2023-2024 оқу жылына атом өнеркәсібіне 5246 грант бөлінген, оның ішінде уран өнеркәсібі мамандықтары бар.  Бұл біздің аймақтың білім саласы үшінде тиімді болмақ», – деді штаб төрағасының орынбасары С.Таңатбаев.

Жиында аудандық халықтық штаб мүшесі А.Нұранов дүниежүзінде 62 реактор салынып жатқанын атап өтіп, атом электр станцияларының өнеркәсіптік өндірістік персоналының шамамен 20 пайызын ядролық білімі бар өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрайтынын жеткізді. Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Ол Курчатов қаласындағы ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы ядролық физика институты. Олар атом электр станцияларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Осы ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуы ядролық физика әдістерін еліміздің әртүрлі салаларына енгізуге кең мүмкіндік ашпақ. 

Жиын қорытындысында көптеген жастардың бүгінгі күні білікті маман болып қалыптасуына мектеп қабырғасында білім мен бағыт бағдар беріп отырған ұстаздар қауымы олардың болшағы үшін, Президенттің әрбір бастамасына қашан да қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Ал Т.Рысқұлов ауылында болған кездесуде Халықтық штаб мүшелері елімізде АЭС-тің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай құрылатынын және қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін III немесе III+ жаңа буын атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.

АЭС ұзақ мeрзімді, тұрaқты, қaуіпсіз элeктрмeн қaмтaмaсыз eтeді, бұл әсірeсe aуруханaлардың, eмханaлap мен ондағы жaбдықтаpдың жүйeлі жұмыс істeуі үшін aсa мaңызды. Азаматтардың денсаулығы мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан АЭС салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40 пайызы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Өз кезегінде ауыл тұрғындары АЭС-тің елімізге тигізетін әсері туралы толық ақпарат алғандарын айтып, маңызды бастамаға қолдау білдірді. 

Халықтық штаб мүшелерімен болған кездесулерде аудан тұрғындары, мекемелер мен ұжым қызметкерлері 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумда өз таңдауларын жасау үшін сайлауға біркісідей қатысатындықтарын айтты.

АЭС еліміздің энергетикалық әлеуетін арттырады
АЭС – елге шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға мүмкіндік береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу