Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Халықтық штаб мүшелерінің халықпен кездесулері Шымкент қаласында да жалғасын табуда. Штаб мүшелері 6 қазанға тағайындалған жалпыхалықтық референдумды өткізу жайын мегополист тұрғындарымен бірлесе талқылап, АЭС салудың еліміз үшін қажеттігін түсіндіруде.
Осындай жиынның бірі Шымкент қаласындағы Достық үйінде өтті. Оған қалалық татар этномәдени бірлестігінің мүшелері мен белсенділері қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын білере отырып талқылады.
Шымкент қалалық татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Бурнашев, өкілдері Г.Измайлова, Р.Абдрахманов, Р.Даулетгельдиев, Ф.Тазутдинова, А.Мангутов, Д.Китаева Президент реформалары ел азаматтарының күнделікті өмірін жақсартуға бағытталғаны және әділетті, дамыған Қазақстанды бірге құру үшін бірлестіктің әр мүшесі үлес қосу қажеттігіне тоқталды. Осы кездесу соңында қатысушылар ел дамуына үлес қосу Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азаматтың перзенттік парызы екенін жеткізді.
АЭС салу бойынша ұйымдастырылған келесі кездесу Шымкент қаласында орналасқан «KazBioLife» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өтті. Кездесу барысында сарапшылар мен мамандар атом энергиясының экологиялық тұрғыдан тиімділігі, тұрақты энергия көздерін дамытудағы рөлі, сондай-ақ атом станцияларының қауіпсіздігі туралы айтылды. Аталған жиынға 60-тан аса қызметкерлер мен мердігер мекеме басшылығы қатысты.
- Өздеріңізге мәлім қыркүйек айының екінші күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдаған болатын. Жолдауда Қазақстанның экономикалық әлеуетінің артыуына, әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы тұрудың негізгі бағыттарымен қоса Қазақстанның болашағы үшін әлемдік дамыған елдер ұстанған АЭС құрылысын салу бүгінгі күннің маңызды мәселесесі екеніне тоқталған болатын. Расында Қазақстанға АЭС құрылысы қажет пе? Немесе оның пайдасы қандай? Қоршаған ортаға зияны ше? Міне, осы тақырып аясында кешелі бері Шымкент қаласындағы бірқатар мекемелерде, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, өнер саласы мамандарымен және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен арнайы жиын ұйымдастырып, мәселені жан-жақты талқыладық, - дейді штаб мүшесі Ш. Бурнашев.
Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, денсаулық сақтау саласы үшін АЭС өте қажет. Себебі, әрбір денсаулық сақтау саласындағы заманауи құрылғылар адам денсаулығына қажетті аппарататтар үшін үздіксіз электр қуаты қажет екені баршаға аян. Ал, қазіргі уақыттағы энергия тапшылығы бұл салада көптеген келеңсіз жағдайларға тап болуына себеп боп отыр. Келелі жиында келелі мәселені көтерген ақ халатты абзал жандар бір ауыздан АЭС құрылысы Қазақстанның жарқын болашағы үшін ең қажетті шара екенін бір ауыздан атйып өтті.
Қорыта айтқанда, Атом электр станциялары (АЭС) еліміздің энергетикалық әлеуетін арттырудың маңызды қадамдарының бірі болып саналады. Әлемнің дамушы елдерінде АЭС тұрақты және тиімді жұмыс істеп, оларды энергияның сенімді көзі ретінде пайдаланып келеді. Қазақстан үшін де осындай технологияларды қолдану уақыты жетті. АЭС салуда ең басты назар қауіпсіздікке аударылуы қажет. Мұндай жобаларды жүзеге асыруды құрылыс сапасы мен технологиялық стандарттарға сәйкес әлемнің жетекші елдерімен бірге атқару маңызды, себебі АЭС құрылысы сапасыздықты кешірмейді. Қазақстанда салынатын атом электр станцияларында МАГАТЭ талаптарына сай келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатын болады, бұл өз кезегінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы – атмосфераға СО2 шығарындыларының таралмауы және табиғатқа зиян келтірмеу. Барлық талаптар сақталса, АЭС салу еліміз үшін оң қадам болары сөзсіз.