Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар колледжінде болған Халықтық штаб мүшелері оқытушылар және студенттермен АЭС тақырыбында талқылау өткізіп, 6 қазанға тағайындалған жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.
«Ел өміріндегі әрбір маңызды калам жұртшылыкпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дал солай болуы керек», деді Мемлекет басшысы. Иә, бұл ел өміріндегі маңызды кадам. Жауапкершілік жүгі ауыр. Себебі, атом электр стансасының салынуы елімізде бұрынсоңды болмаған өте үлкен жоба. Оның игілігін келешек ұрпақ көруі тиіс. Болашақты ойлағандықтан осындай ірі қадам жасалғалы отыр. Сондықтан атом электр стансасын салуға катысты барынша байыпты шешім қабылдау кажеттігін бұған дейін де Президентіміз ұдайы айтып келді. Стратегиялык жоспарларды кеңінен талқылау керек деп санады. Сөйтіп, референдум такырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Расымен де, бұл ел азаматтарының жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім.
Атом электр станциясының салынуының пайдасы мен әсері бойынша техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рамиль Ильясов айтып берді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында стратегиялық жоспарларды ортаға сала келе, «Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз» деді. Референдум – бұл белгілі бір мәселе бойынша халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешім қабылдау процесі. Оның маңыздылығы бірнеше аспектілерден тұрады:
Біріншіден, референдум халықтың тікелей басқаруға қатысуының маңызды құралы. Ол азаматтарға өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді, демократиялық принциптерді нығайтады. Екіншіден, референдум арқылы қабылданатын шешімдер заң шығарушы орган немесе үкімет тарапынан емес, тікелей халықтың дауысымен қабылданады. Бұл маңызды мәселелер бойынша халықтың ықпалын арттырады. Үшіншіден, референдум мемлекетте немесе аймақта қоғамдық пікірдің қандай екенін нақты көрсетеді. Ол халықтың маңызды мәселелерге қалай қарайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген елдерде референдум маңызды құқықтық немесе конституциялық өзгерістерді қабылдаудың қажетті шарты болып табылады. Отанымыз Қазақстан да осы бағытпен келеді, - деді Рамиль Ильясов.
Кездесу барысында сарапшылар мен мамандар атом энергиясының экологиялық тұрғыдан тиімділігі, тұрақты энергия көздерін дамытудағы рөлі, сондай-ақ атом станцияларының қауіпсіздігі туралы баяндамалар жасады.
«Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұрғанын айтқан Президент бұл қуат көзі ел экономикасынын ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейтінін жеткізді. Сарапшылар да Қазақстанның қазіргі көлемде өндіретін электр қуаты 2030 жылға карай аздық ететінін мәлімдеген болатын. Қазақтын сайын даласына молынан қуат беретін станса шынымен керек-ақ. Бұл орайда Шымкент қаласының тұрғындарының пікірі әртүрлі. Оны кездесулер барысында біліп жүрмін. Бірі атом электр стансасынан келер қауіп зор, адамға зиян, келешегімізге қауіпті десе, енді бірі Қолдайтынын білдіреді. Атом электр стансасының Қазақстанда салынуына карсы пікір білдірушілер Украинадағы Чернобыль, Жапониядағы Фукусима стансаларында болған апаттарды мысалға келтіреді. Адамзат үшін өте қауіпті екенін алға тартушылардың пайымдауынша, әлемдегі геосаяси жагдайдың ықпалымен атом электр стансасы арандату нысанасына айналуы мүмкін.
Өз басыма келсек, атом электр стансасының Қазақстанда салынуын қолдай-мын. Тұрақты қуат көзі бола алатын мұндай станса елімізге керек. Бүгін болмаса ертен, бәрібір болашақта осыған келеміз. Кейінгі кезде бірнеше жиналыстарғa қатысканда көз жеткізгенім, қолдайтын дар көп. Әртүрлі пікірлерді естіп жүрмін дедім ғой, ал мұнда сөзді бұратартып, аяқтан шалып жаткан ешкімді байқамадым. Референдумға біркісідей қатысып, өз көзқарасымызды білдірейік дейді жұртшылыктын дені. Ел өміріндегі маңызды саяси шарадан тысқары калмай, белсенділік танытқандары құптарлық», дейді ғалым.
Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, АЭС құрылысымен байланысты артықшылықтар мен қауіптерді талқылады.
АЭС-тың құрылысы елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға және электр энергиясын өндірудің арзан әрі тұрақты жолын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылды. Алайда, сонымен қатар радиациялық қауіп-қатерлерді басқару, қалдықтарды қауіпсіз түрде жою және төтенше жағдайларға дайын болу мәселелері де көтерілді. Кездесу студенттер арасында қызу пікірталас тудырып, олардың атом энергетикасы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.