Игілігін өзге емес, өзіміз көруге тиіспіз

Oinet.kz 05-09-2024 31

АЭС құрылысын қолдау аясында Халықтық штаб Алматы қаласы тұрғындарының түрлі топтарымен, соның ішінде Қоғамдық кеңес мүшелерімен, ғылыми зиялы қауым және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. 

Screenshot_11.jpg

Штаб құрамына Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Борис Джапаров, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Алтынай Көбеева және Бекбол Рамазан, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, ядролық физика саласындағы қазақстандық ғалым Медеу Әбішев және басқа да партия өкілдері кірді.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен өткен кездесу барысында АЭС құрылысы сияқты маңызды жобалар бойынша шешім қабылдаудағы жұртшылықтың рөлі талқыланды. Сөз кезегін алған Бану Нұрғазива Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетін болды. Мұны ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында мәлімдегенін айтты. 

- Алдыңғы қатарлы мемлекеттерге қараңыз: Францияда 56, АҚШ-та 90-нан астам, ал Қытайда 50-ден астам атом электр станциясы жұмыс істейді. Көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттер өздерінің энергетикалық қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін бұл жолды бұрыннан таңдаған. Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту және еліміздің дамуына кепілдік беру үшін әлемдік үрдістермен қатар жүруіміз қажет, – деді ол. 

Халықтық штабтың мүшесі Нәйлә Үмбетова өз кезегінде АЭС салуды іргеміздегі Қырғыз бен Өзбекстан мемлекеттерінің де қолға алып отырғанын тілге тиек етті. 

«Біз қалай десек те, бәрібір болашақтың тұрақты энергия көзі осы дер едім. Бүгін болмаса, ертең кайта айналып осыған соғамыз. Келешекті ойлауымыз керек. Алматы облысының аумағындай ғана жері бар Францияның өзінде атом электр стансасының 70-і тұр екен. Америка, Жапония сонымен күнін көріп отыр. Қытай бірнешеуін салып жатыр. Іргемізде тұрған 5 миллиондық кырғыздар қолға алды. Өзбекстан бастайын деп жатыр. Сонда солардың ортасында караңғыда қаламыз ба? Жоқ, одан қорықпауымыз керек. Қазір заман басқа, заң басқа. Бұрынғы ескі реакторлар болмайды. Күн санап ғылымның дамып бара жатқан уақыты. Мәселеге бұрынғыша қарамау керек. Атом электр стансасының құрылысы басталса, он жылдың көлемінде аяқталады. Осы уақытта еліміз өркениет көшінен қалмай дамыса екен деп тілейік. Қай жерде салынады, кім салады, маман дайын ба? Осы сұрақ мені әуел бастан мазалаған еді. Таңдаудың бірі Жамбыл ауданының Үлкен ауылына түсті. Олай болса, Балқаш көліне кері әсері болмай ма? Күрделі құрылысты кімдер салып, қай елдің технологиясы орнатылады, ол қаншалықты заманауи және сенімді? Стансаның жұмысын өз еліміздің мамандары жүргізе ала ма? Осы сауалдарға құзыретті тараптан нақты жауап керек. Еліміздің қай жерінде салынғаны маңызды емес, маңыздысы – оның қоршаған ортаға зияны тимеуі, апат қаупінің болмауы. Стансаға осы бастан маман дайындау керек. Қайтадан ұрынып қалмайық. Игілігін өзге емес, өзіміз көруге тиіспіз. Көкейімдегі бір мәселе осы», - дейді ол.

Бұдан кейін штаб мүшелері қаланың ғылыми зиялыларымен кездесіп, Қазақстанда атом технологияларын қолдану перспективаларын талқылады. Кездесуде жетекші ғалымдар мен зерттеушілер университеттер мен ғылыми мекемелер энергетика саласындағы мамандарды оқытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, білім мен тәжірибе сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жастарды осы салаға тарту қажеттігіне назар аударылды.

«Біздің оқыту бағдарламаларымыз ядролық физика саласындағы заманауи талаптар мен технологияларға бағытталған. АЭС құрылысы кезінде қажетті кадрларды дайындауға қабілетті екенімізге ешкім күмән келтірмесін. Біздің білім беру базамыз болашаққа сеніммен қарауға, елді оның энергетикалық дамуында негізгі рөл атқаратын кәсіпқойлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп Медеу Әбішев атап өтті.

Алматы көпір құрылымдары зауытында өткен кездесу барысында Халық штабының мүшелері өңірдегі өнеркәсіпті дамытудың маңыздылығы туралы айтып берді. Елу жылдан астам уақыт бойы «АКҚЗ» ЖШС өз сегментіндегі Қазақстан Республикасының жол саласының ірі кәсіпорны және ТМД елдеріндегі жетекші кәсіпорындардың біріне айналды. Сарапшылар сенімді және қолжетімді электр энергиясының болуы өндірісті кеңейту және қалаға инвестициялар тарту үшін ынталандыру болатынын айтты. Қорытынды кездесу Ядролық физика институтының ұжымымен өтті. Мұнда АЭС қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударылды. Институт өкілдері қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары мен апатты жағдайлардың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Штаб мүшелері қауіпсіздіктің жоғары деңгейі мемлекет үшін басымдық болып табылатынын және қауіпсіздік пен бақылау шаралары туралы халықты хабардар ету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Штаб мүшелері кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан, кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сөйтіп кездесулердің қорытындысында штаб мүшелері халықты 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды. 

АЭС жастардың болашаққа деген сенімін арттырды
АЭС-ті қолдау – Қазақстанның болашағы үшін жасалған батыл қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу