Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
АЭС салу бойынша Халықтық штаб мүшелері Алматы қаласында болып, түрлі сала өкілдерімен, соның ішінде кәсіподақ көшбасшыларымен, академиялық қоғамдастықпен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.
Халықпен кездесуде Халықтық штаб мүшелері Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова, «Байтақ» партиясының Төрағасы Азаматхан Әміртаев, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының бастығы Наталья Измайлова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, қалалық мәслихат депутаттары және басқа да сарапшылар 6 қазанға тағайындалған жалпыұлттық референдумның мақсатымен таныстырды.
Штаб мүшелері алдымен Алматы қаласының кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті. Жиында Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова өз сөзінде халық референдумда АЭС салу қажеттігін өздері таңдай алатындығын айтты. «Президент қоғамдық диалогты нығайтудың және әрбір азаматтың пікірі маңызды екенін атап өтті. Алда маңызды оқиға – Референдум, халық АЭС салу қажеттігін өздері таңдай алады. Бұл жай ғана энергетика мәселесі емес, елдің болашағына, оның қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына әсер ететін таңдау. Әрбір дауыс маңызды, барлық азаматтардың мүддесі үшін шешім қабылданатынына сенімдімін», – деп атап өтті.
Келесі кездесу Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен панельдік пікірталас болды. Бұл кездесуде Штаб мүшелері ядролық энергетика саласындағы соңғы жетістіктер туралы айтып, университеттер болашақ кадрларды даярлауда маңызды рөл атқаратынын, энергетика саласында қажетті мамандардың білімі мен даярлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Алматының көптеген аудандарын жылумен қамтамасыз ететін қаланың негізгі жылу энергетикалық тораптарының бірі ЖЭО-2 ұжымымен кездесуге ерекше назар аударылды. Халықтық штаб өкілдері электр энергиясын тұтынудың өсуі мен энергетикалық инфрақұрылымның тозуы жағдайында тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңыздылығына назар аударды. Ол үшін ЖЭО жүктемесін азайтуға және өңірдің жалпы энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға қол жеткізу қажет.
- Қазіргі таңда әлемді электр энергиясыз елестету мүмкін емес, оны тұтыну үнемі өсуде. Өнеркәсіп пен өндірісті дамыту үшін Қазақстанға тұрақты энергиямен жабдықтау қажет. Көптеген адамдар қауіптенеді, бірақ қазіргі заманғы атом станцияларының қауіпсіздік жүйелері апат болған ескі реакторлардан айтарлықтай ерекшеленеді. Бүгінде бұл қауіпсіздік стандарттары жоғары 3+ буынның жетілдірілген станциялары», – дейді Ядролық физика институтының ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының бастығы Наталья Измайлова.
Келесі кездесу «Hyundai Trans Kazakhstan» компаниясының еңбек ұжымымен өтті. Талқылау барысында штаб өкілдері өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизнестің дамуын тұрақты энергиямен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Отандық машина жасауды дамыту және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік процестерді тұрақты және қымбат емес электр энергиясымен қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.
Бұл кездесулер Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және елдің, әсіресе Алматы сияқты ірі қалалардың өнеркәсіптік дамуын қолдауға бағытталған алдағы АЭС құрылысы бойынша референдумның маңыздылығын түсіндіруде маңызды қадам болды.