Шардаралықтарды АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды

Oinet.kz 02-09-2024 34

Елімізде АЭС салуға қатысты референдум өтетін күн белгілі болып, оған дайындық шарасы басталып кетті. Осы орайда АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Халықтық штаб мүшелері Н.Абишов, З,Қамбарова және аудандық халықтық штаб мүшелері Е.Бекет, Б.Муталиев Шардара ауданындағы «ХАМИТ» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының балық өңдеу зауытының мамандарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

Screenshot_3.jpg

 – Елімізде атом энергетикасы енді ғана дамудың сатысына бет алған сала емес. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда Ұлттық ядролық орталық өткен ғасырдың қырықыншы жылдарынан бері Алматыда Ядролық физика институты жұмыс істейді, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұл салада тәжірибесі жетерлік. Ең бастысы, еліміз уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Бізде ғылыми-техникалық, білім және ғылым жағынан жетістік көп. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті заңнамалар, құқықтық актілер базасы бар. Жылдан жылға атом энергиясын пайдалану саласындағы құқықтық актілер жетілдіріліп, өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Қазір Энергетика министрлігі радиоактивті қалдықтарға қатысты заң жобасын Мәжілістің талқылауына жіберді. Одан өзге атом энергетикасын пайдалану жөнінде заң, тұрғындардың радиациялық қауіпсіздікке қатысты заң кезінде қабылданып, жұмыс істеп келеді. Дегенмен, АЭС салынатыны нақтыланса, бұл заңнамалық құжаттың бәрі қайта қаралады, тіпті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі де мүмкін, - деді өз сөзінде штаб мүшесі Н.Абишов.

Штаб мүшелерінің айтуынша іргеміздегі Қытай мемлекетінде атом энергиясын пайдалану туралы шешім 1970 жылы қабылданыпты. Ал, осы бағыттағы жұмыстар бұрын да жүргізілген. Елдегі алғашқы атом ректоры салыстырмалы түрде жақында — шамамен 30 жыл бұрын ғана жұмысын бастаған. 1991 жылы Циньшань атом электр станциясы Қытай еліндегі алғашқы АЭС болып есептеледі. Алайда, келесі онжылдықтарда Қытай атом энергетикасындағы көптеген әлемдік көшбасшыларды қуып қана қоймай, басып озды. Қазір бұл ел атом энергетикасының жалпы белгіленген қуаты бойынша да, өндірілетін электр энергиясы бойынша да әлемде үшінші орында тұр. 2023 жылғы жағдай бойынша елде жалпы қуаты 57 гигаватт болатын 18 атом электр станциясы мен 55 реактор жұмыс істеп тұр. Елдегі атом энергетикасы электр энергиясының шамамен 5 пайызын өндіреді, бірақ бұл үлес 2035 жылға қарай 10 пайызға дейін өсіп, тағы 24 реакторды іске қосқысы келеді.

ҚХР — «жасыл», яғни күн және жел энергетикасына әлемдегі жетекші инвесторлардың бірі. Ел көмірді жағу арқылы қалалардың атмосфералық шығарындыларын азайтуға тырысады. Қытай билігі мен ғалымдарының пікірінше, атом энергиясы ҚХР алдына қойған өршіл міндетке — 2060 жылға қарай ауадағы көміртегі шығарындыларын толық бейтараптандыруға көмектесуі керек. Сонымен қатар, Қытайдағы Атом энергиясы арқылы олар басқа елдерге отынға тәуелділікті азайтуға тырысады.

Жиын спикері З,Қамбарова халық елде АЭС салуды қолдайды деп санайды. «Жеке көзқарасым бойынша, халық қолдайды деп ойлаймын. Неге десеңіз, бүкіл дүниежүзі тұрақты энергияға көшу жолына түсіп, ғылыми ізденістерге бет бұрған. Жыл өткен сайын ядролық энергетиканың технологиялары дамып, инновациялық тәсілдерді пайдалануға ойысқан. Сондықтан ақпараттық технология дамыған заманда бәрін біліп, естіп отырмыз. Бүгінгі көзі ашық жастар АЭС-тің не үшін қажет екенін жақсы біледі. Оның үстіне қазір энергия көзі жылдан жылға тапшылық тудырып келеді. Бұл тапшылық артпаса, азайған емес» дейді.

Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндіріп, осы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.  

АЭС - халық үшін тиімді
Атом энергиясын игеру – бұл бағыттағы проблеманы шешудің негізгі жолдарының бірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу