«Бәйтерек Агро» кәсіпорнының сүті мен етіне сұраныс көп

Oinet.kz 20-09-2024 587

Screenshot_1.jpg

Қазіргі таңда елімізде сүт өнімдеріне деген тәбет артуда. Себебі сүт өнімдерінің адам ағзасына пайдасы зор. Бұрындары қазақ халқы сүтті – ағарған деп атап, оны қасиетті деп есептеген. Ағарғанда өте үлкен жауапкершілікпен қарап, оның дайындалуына ерекше мән берген. Сүттен бірнеше тағам дайындаған. Және оның барлығы дастарханнан табылды. Дастархандағы әрбір сүт өнімінің адам ағзасының әрбір мүшесіне өз емдік пайдасын тигізіп отырды.

Осы орайда ата-баба дәстүрі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сайрам ауданындағы әрбір отбасының дастарханынан сүт өнімдері табылады. Себебі ауданда сүт өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер өте көп. Өндіріс орындары да аз емес. Бір қызығы, Сайрамда қаншама сүт өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер саны артқанымен, оның өнімдеріне деген сұраныс азайған емес. Керісінше жылдан-жылға артып барады. Бұл да ағарғанның қасиеті болса керек. Сайрамдық сүтті жан-жақтағы көршілес аудандар талап алады. Сайрамда «Бәйтерек Агро» компаниясы тұтынушыларының көңілінен шығып жатқандығын айта кетсек болады.

«Бәйтерек Агро» – ірі қара мал бордақылау және тауарлы сүт өнімдерін өндірумен айналысатын компания. Компания 2012 жылы құрылған. Мұнда жұмысшылар саны 120 адам. «Бәйтерек Агро» компаниясының негізгі қызметіне тоқталсақ, консервілеу және ірімшік өндіруден басқа сүтті өңдеу; етті бағыттағы басқа да мал тұқымдарын өсіру. Кооперативте сүт өңдеу цехы мен қасапхана, 1300 бас ірі қара мен 500 сауын сиырға арналған бордақылау алаңы бар.

Бүгінгі таңда «Бәйтерек Агро» серіктестігінің жалпы ауданы 300 гектарды құрайды, оның 14 гектарында шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін цехтар орналасқан. Шаруашылық тәулігіне 8 тоннаға дейін сүт қабылдап, өндіре алады. «Бәйтерек Агро» сүзбе; құрт; айран; қазы; ірі қара мал еті; жылқы  еті; қозы етін дайындайды.

Аталған компанияның сүзбесіне деген сұраныс жоғары. Сүзбе денсаулыққа пайдалы. Сүзбе сүттен дайындалған, кальций мол керемет тағам. Онда 14-тен 18 пайызға дейін ақуыз мөлшері кездеседі. Сүзбеде жасұнық құрылымы мүлде жоқ. Сондықтан, ет, құс еті және балықтағы ақуыз көздерінен ерекшеленеді. Сүзбе жеңіл қабылданады және толығымен қорытылады. Сүзбеде майдың көлемі 20 пайызға дейін жетуі мүмкін, бірақ диеталық майсыздандырылған түрлері де бар. Сүзбенің майсыздандырылған түрлері аминқышқылының алмастырылмайтын түрі метионинге бай. Ол ағзадағы холестерин көлемін азайтып, бауыр майлануының алдын алады. Ал бауырдың майлануы ағзаға токсиндерді немесе түрлі дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүрлейді. Тұқым қуалау арқылы келетін бұлшық ет дистрофийін емдеу кезінде ауырған адамға анаболикалық стероидттердің көп дозасын береді. Осылайша, стероидтардың бауырға әсер етуінің алдын алу үшін ауырған адам міндетті түрле күніне 300 грамм сүзбе жеуі тиіс. Алмастырылмайтын амин қышқылдарынан бөлек (ақуыз) сүзбе дәрумендерге (әсіресе, А, Е, Р, В2, В6 және В12 ), фоли қышқылына, кальций тұзына, темірге, натрий, магний, меди, цинк, фтор және фосфорға бай. Осындай құнды заттардың қосындысынан соң, сүзбе жақсы қорытылады. Аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдер кальций мен басқа да микроэлементтерге бай сүзбені жиі қолданғаны жөн. 5-7 айлық сәбиге де сүзбе беруге болады. Балалар үшін сүттен жасалған, ұзақ уақыт қайнатылмаған майсыз сүзбе тиімді. Сүзбе ағзадағы ұлпаның өсуіне және қалыпқа келуіне жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі мен қан айналым және жүрек қызметіне пайдалы. Сүзбе тек қана балалар үшін ғана емес, егде адамдарға да аса қажет. Ол бауырды, атеросклерозды және гипертониялық ауруларды емдеу кешінде диета құрамына кіреді. Сүзбе асқазандағы және ұлтабардағы жараны, созылмалы гастритті, өт қабындағы созылмалы ауруларды, панкреатитті, ішек ауруларын емдеуге көмектеседі. Сүзбе кез келген диета құрамына енеді.

Асқазан-ішек ауруларында сүзбе емдік мақсатпен қолданылады. Өйткені, қорытылуы тез, жеңіл қабылданады. Мұндай аурулар кезінде майсыздандырылған, диеталық сүзбе немесе қаймаққа ұқсас, ең бастысы қышқылдығы төмен сүзбе қолданған жөн. Әдеттегі сүзбенің қышқылдығы асқазан жарасы немесе гастритпен ауыратындар үшін де жоғары саналады. Мұндай сырқаты бар адамдарға тығыз сүзбені ұсынамыз. Сүзбенің бұл түрін үй жағдайында дайындаған да оңай. 1,5 литр қайнаған сүтке жарты литр айран қосамыз. Дайындалған қоспаны сүзгіден өткізіп алыңыз, сүзбе дайын. Мұндай сүзбені қаймақпен араластырып жеуге де болады. Халықтық медицинада сүзбені пайдаланды. Әсіресе, өкпе қабынуы мен бронхиттті емдейді. Ол үшін қышқыл сүзбеден компресс дайындайды: 200 грамм сүзбені бір ас қасық балмен араластырады. Алынған қоспаны тегістеп матаға жағады да, жоғарыдан жабады. Компрестті арқаға қойып, таза қағазбен жабады. Мұны әдетте түн мезгілінде істейді.

Сайрамдық кәсіпорынның ірімшіктерінің дәмі тіл үйіреді
«Давуд Мастердің» сары майын алушылар аз емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу