«Сайрам Сүттің» өнімдеріне сұраныс жоғары

Oinet.kz 18-09-2024 85

e25ac2dfb900b527a2e32b5c3df48ecf.jpg

Сайрам ауданы бүкіл республикаға өзінің мал шаруашылығымен кеңінен танымал. Сайрамда ет-сүт өндірісі қатты дамығаны сонша, бүкіл республиканы сапалы өнімдерімен қамтамасыз ете алатын дәрежеге жете алады. Сайрамдық сүтке сұраныс әрқашан жоғары. Мұнда сүттің сапалығы сонша, оны қайта-қайта сұратып алатын клиенттер саны өте көп. Сондықтан да клиенттер ылғи сайрамдық жеке кәсіпкерлерге, өндіріс орындарына сүтке тапсырыс береді. Сайрамдағы ірі сүт кәсіпорындарының бірі – «Сайрам сүт».

«Сайрам сүт» – сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіруге маманданған кәсіпорын. «Сайрам сүт» серіктестігі 2003 жылдың наурыз айында тіркелген. «Сайрам сүт» қызметкерлерінің саны 75-ке жуық адамды құрайды. «Сайрам сүт» серіктестігінің қызмет бағыттарына тоқталсақ, сүт өңдеу, сүт өнімдерін өндіру, ірімшік өндіру, сүт өнімдерін сату. «Сайрам сүт» мекемесінің құрылымы: ашытылған сүт өнімдерін өндіру цехы, зертхана.

2019 жыл – «Сайрам сүт» кәсіпорнының қуаттылығы тәулігіне 20 мың тонна сүт өнімдерін құрайды.

2013 жыл - «Сайрам сүт» Ресейден сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдық сатып алды. 2007 ж. – «Сайрам сүт» ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алды. «Сайрам сүт» серіктестігі сүт өнімдерінің 20-ға жуық түрін шығарады. Яғни, айран, айран, шикі қаймақ, сүт, өңделген ірімшік және т.б.

Айранға елімізде сұраныс өте жоғары. Айранның денсаулыққа пайдасы өте зор. Сондықтан да жұрт «Сайрам Сүттің» айранын жиі алдыртады. Айран зиянды бактерияларды өлтіреді. Айранда Lactobacillus kefiri секілді бірегей пробиотика бар. Зерттеулерге сүйенсек, бұл пробиотиктер әртүрлі зиянды бактериялардың, соның ішінде сальмонелла, хеликобактер пилори және ішек таяқшасы бактерияларының өсуін тежейді. Сонымен қатар, айранда бактериальды қасиеттері бар айран-полисахарид бар. Айран ас қорытуды жақсартады. Айрандағы пробиотиктер ішектегі пайдалы бактериялардың балансын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бұған қатысты жүргізілген зерттеу нәтижелері пробиотиктердің, әсіресе, диарея кезінде тиімді екендігін көрсетті. Ал Далхус университетінде жүргізілген зерттеуде пробиотиктердің жара немесе тітіркенген ішек секілді синдромдарды, яғни асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуде және оның алдын алуда пайдалы екендігі анықталды.

Айран сондай-ақ, ағзасы лактоза қабылдамайтын адамдарға да көмектесе алады. Бұл сусынның құрамында қарапайым сүтке қарағанда лактоза аз. Себебі, айран, йогурт секілді ферменттелген сүт өнімдерінде ашыған сүт бактериялары лактозаны сүт қышқылына айналдырады. Сондықтан айранды тұтынғаннан кейін лактозаны қабылдамау белгілері өте нашар байқалады немесе мүлдем болмайды. Бұл Огайо штатының университетіндегі жүргізілген тәжірибеде дәлелденді. Аталған зерттеуге лактаза тапшылығы бар 15 адам қатысып, айран ішті. Нәтижесінде тәжірибеге қатысқандарда әдетте, лактозасы бар басқа да өнімдерді ішкеннен кейін пайда болатын іштің кебуі, ауыруы және диарея сияқты симптомдардың белгісі төмендейді. Айран демікпенің алдын алады. Ал the Journal of Immunology журналында жарияланған зерттеуде айранның түрлі аллергиялық реакциялармен және демікпе ауруларымен күресуге көмектесе алатыны анықталды. Зерттеу барысында айранның аллергия мен демікпенің пайда болуын қоздыратын қабыну белгілерін басатыны белгілі болды.

Сайрамда бау-бақша өнімдері Ресейге экспортталады
Сайрамдық кәсіпорынның ірімшіктерінің дәмі тіл үйіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу