«Қайып ата» Тәжікстанға ет экспорттады

Oinet.kz 18-09-2024 76

460166629_18423952459077460_7011318578733204795_n.jpg

Сайрам ауданында мал шаруашылығы, соның ішінде ет өндірісі қатты дамыған. Сайрамдық етті бүкіл Түркістан облысы тұтынады десек болады. Сайрамдық етке деген сұраныс өте жоғары. Оны жан-жақтан арнайы алдыртатындар өте көп. Сондықтан да Сайрамда ет өндірісі осы себепті қарқын алды. 

Бүгінгі таңда сайрамдық кәсіпкерлердің өндірген ет өнімдерін тек республикамызда емес, шетелде де алатындар саны көбейген. Ал бұл деген экспорт. Экспорт арқылы еліміздің қазынасына қаржы түседі. Сайрамдағы кәсіпкерлер өздерінің кәсіптерінің арқасында тек ауданның емес, бүкіл мемлекетіміздің экономикасын алға сүйреп отыр. Яғни тамшыдай болсын өз үлесін қосуда. 

Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылында орналасқан «Қайып ата» ЖШС-нен Тәжікстан еліне жақында бірінші рет ет экспортталды. Бұған дейін «Қайып ата» ЖШС мен Тәжікстан елі арасында 110 тонна ет экспорттау туралы келісімшарт түзілген болатын. Бүгін 110 тоннаның 16 тоннасы жіберілді. Жалпы келісімшарт бойынша жұмыстар қыркүйек айынан басталды. 

Бұл кәсіпорын еліміздің экспорттық әлеуетін көтеруге өзіндік үлесін қосып келеді. Айта кетейік, 2023 жылы 4500 тонна ірі қара етін Өзбекстан еліне жөнелтті. Бұдан бөлек, Иран мемлекетіне 140 тонна ұсақ мал етін экспорттады. Ал, биыл 5000 тонна ірі қара мал етін шет елге шығаруды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері «Қайып ата» ЖШС Өзбекстан еліне 2 945 тонна сиыр етін және 12 тонна қой етін, Иранға 118 тонна қой етін экспорттап үлгерді. Сонымен қатар, «Қайып ата» ЖШС алдағы уақытта Аустралия елімен бірлесіп, 3 ірі инвестициялық жобаны қолға алу жоспарлануда. 

Атап айтқанда, Арыс қаласында 25 мың ІҚМ басына арналған бордақылау кешені 2025 жылы іске қосылса, Сайрам ауданында «1500 басқа ірі қара малды сою және өңдеу» және «Мал сату биржасы» жобалары 2025 - 2026 жылдары жүзеге асырылады. Айта кетейік, ет экспорты бойынша Түркістан облысы елімізде алдыңғы орында көш бастап тұр. Оның ішінде, экспортталатын ірі қара мал етінің 80 пайызы және қой етінің 75 пайызы облыстың үлесіне тиесілі.

Осылайша Сайрамдағы кәсіпорын халықаралық деңгейге шығып, Қазақстанды әлемдік аренада танытып жатыр. Алдағы уақытта Қазақстаннан ет алғысы келетін мемлекеттер саны артуы әбден мүмкін. Себебі «Қайып ата» кәсіпорнының еттері өте құнарлы. Таза жем-шөп жеп өскен малдың еті талай дертке дауа. Қазір әлем халқы химиялық қоспалардан шаршаған. Олар көбіне табиғи өнім іздейді. Ал таза табиғи өнімді Қазақстан ұсынады. Қазақстанның табиғаты өте жайлы. Жеріміз кең, жем-шөп көп. Сондықтан да әлемдік аренада қазақстандық өнімдер жоғары бағаланады. Бұны түйсінген «Қайып ата» шаруашылығы өз өндірісін жолға қойып, білім мен ғылым, соңғы технологияларды терең меңгергеннің арқасында көш жарып, өнім экспорттауда өзгелерге өнеге болып отыр. 

Орталық референдум комиссиясы жамбылдағы дайындық барысын қарады
Түйеқұс етіне мейрамханалардан сұраныс көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу