Халықтық штабтың мүшерелі түлкібастық жұртшылықпен кездесті

Oinet.kz 15-09-2024 93

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың мүшерелі түркістандық жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізді. Ең әуелі Түлкібас ауданындағы «Azia Food Company» ЖШС серіктестігінің ұжымымен жүздескен штаб өкілдері жалпыұлттық референдум қарсаңында осынау маңызды қадамға барудың өзектілігі көнінде тұрғындармен ашық ңгімелесу үшін өңірге арнайы елгендерін атап өтті.

Screenshot_14.jpg

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов бүгінде еліміздің оңтүстік аймақтарында электр энергиясының тапшылығы айрықша сезіле бастағанын жеткізді. Ол өз сөзінде кез келген маңызды шешім қарапайым халықтың қатысуымен қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, халық қалаулысы ғылым мен экономиканы дамыту үшін АЭС-тің қажеттігін түсіндірді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі энергия көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ыкпал ете алады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы АЭС кұрылысының отандык бизнестің дамуына қуатты серпін беретінін, атом электр станциясы тұрақты және болжамды энергиямен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылатынын атап көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясын өндірудің негізгі көзі көмірмен жұмыс істейтін зауыттар екені рас. Олардың үлесіне елдегі өндірілетін электр энергиясының шамамен 70 пайызы тиесілі. Электр энергиясын тұтынудың жылдық өсімі 3 пайызды құрайды, бұл ретте станциялардың көпшілігі тозған. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр қуатын тұтыну 152,4 миллиард киловатт-сағатқа жетеді, ал жұмыс істеп тұрған станциялар бар болғаны 135 миллиард киловатт-сағат өндіре алады. Бүгінгі таңда электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылуда. Бұл үшін Қазакстан 20 миллиард теңге төлеп отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі, деген Ерболат Байұзақұлы түлкібастықтар Мемлекет басшысының бастамалары мен саясатын әрдайым қолдап келе жатқанына шынайы ризашылығын білдірді.

Ардагерлер жалпыұлттық референдумға қолдау білдірді
АЭС – болашақ энергия көзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу