Ардагерлер жалпыұлттық референдумға қолдау білдірді

Oinet.kz 15-09-2024 33

Шардара ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс V пленумы болып өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов, Amanat партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет аудандық ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, мекеме, ұйым басшылары қатысты.

Screenshot_13.jpg

Пленумның күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы елде АЭС салу бойынша 6 қазанда өткізілетін жалпыұлттық референдумға қолдау білдіру. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Байдүлла Рахматуллаев ашып, жүргізді. Ардагерлер пленумында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов 6 қазанға тағайындалған жалпыұлттық референдумге дайындық барысынан хабардар етті. 

- Әлемде атом электр станцияларын салу тәжірибесі көптеген елдер үшін энергияның сенімді әрі экологиялық таза көзі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда әлем бойынша 64 ядролық реактордың құрылысы жалғасуда, олардың шамамен екі үштен бірі Азия елдерінде салынуда. Бұл жобалар негізінен Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты елдерде жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылғы деректерге сәйкес, Франция өзінің электр энергиясының шамамен 70 пайызын АЭС арқылы өндіреді, бұл елді ядролық энергетиканы пайдалану жағынан көшбасшы елдер қатарына шығарады. Францияның ядролық энергетикаға тәуелділігі елдегі парниктік газдардың төмен деңгейін сақтап, энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. АҚШ-та қазір 92 атом реакторы жұмыс істейді, ал Оңтүстік Кореяда 24 реактор елдің шамамен 30 пайызға жуық энергиясын қамтамасыз етеді. Қытайда 27 жаңа реактор салынып жатыр, олардың іске қосылуы елдің ядролық қуатын едәуір арттырады деп күтілуде. Бұл елдер жаңа қауіпсіздік технологияларын, соның ішінде шағын модульдік реакторларды (SMR), қолданып келеді, бұл атом энергиясын одан әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Осы елдерге қарап біз де жариялы тұрде елде АЭС салу мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылып отыр. Барлығыңызды 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырамын, - деді Бақытжан Таласов. 

Осыдан кейін сөз алған Amanat партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет АЭС салу бойынша өз қолдауларын білдірді. «Қазақстан уран қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі. 2022 жылы еліміз әлемдік уран өндірісінің 43 пайызын қамтамасыз еткен. Бұл елдің атом энергетикасын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. АЭС-тің артықшылықтарының бірі — жоғары қуат тиімділігі (90%), бұл оны жел энергиясынан (25-35%) әлдеқайда тұрақты етеді. 1154 мегават қуат өндіретін бір АЭС миллион халқы бар қаланы бірнеше ондаған жыл бойы энергиямен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар атом энергетикасы Қазақстан экономикасына да оң әсерін тигізеді. Мысалы, Францияда атом өнеркәсібі 457200 жұмыс орнын қамтамасыз етеді, бұл экономиканы қолдауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан өзінің уран қоры мен энергетикалық қажеттіліктерін ескере отырып, атом энергетикасының әлеуетін тиімді пайдалана алады» дейді ол.

Жиында Әкелер мектебі төрағасының орынбасары Тоқсанбай Тасыбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жоламан Тұрлыбеков, «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Аббаз Тұрғымбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, Ақмұрат Абубакиров пен Ибрагим Бектұрсынов Президенттің АЭС салу бойынша бастамасын құптап, 6 қазанда округ тұрғындарын жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.

АЭС тұрақты әрі сенімді энергия көзі
Халықтық штабтың мүшерелі түлкібастық жұртшылықпен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу