АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты

Oinet.kz 14-09-2024 31

Қазығұрт аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен елімізде АЭС салу бойынша жиын өтті. Алқалы жиынға Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров және барша мүшелері, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудандық Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Әкелер мектебі» және «Әжелер алқасы» ұйымдарының мүшелері, барша ауылдық ардагерлер қатысты. 

Screenshot_11.jpg

Жиынды аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров ашып, жүргізді. «Биылғы Жолдауында Мем¬лекет басшысы елімізде энергетика мәселесін шешудің бір жолы АЭС салу екенін атап өтті. қалай десек те еліміздегі энергия тапшылығын жою үшін атом электр станциясын салу қажеттігі туындап отыр. АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3 пайызға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10 пайызға дейін өсіруді мақсат еттік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін жеткізбекпіз. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық ұғынуымыз қажет» деді жиын төрағасы.

Ал облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков ұрпақ тәрбиесі және сол жолда Ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты баяндай келіп, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу туралы шешімін қолдауға шақырды. 

- Қазір елімізде АЭС салуға қатысты үгіт-насихат жұмыстары алда өтетін референдум аясында өтіп жатыр. Біз жылына шамамен 120 киловатт энергия тұтынамыз.  Кейінгі бір-екі жылда 1.5-2 миллиард киловаттқа тең жетіспеушілік бары айтылып жүр. Біз оны Ресейден алып отырмыз. Адам саны артып жатыр, экономика өсіп, жаңа зауыттар салынып жатыр. Электромобиль саны да өсіп жатыр. Тұтыну көлемі жылдан-жылға арта береді. Жел, күн сияқты баламалы энергия электр станциялары да салынып жатыр. Энергетика министрілігі баламалы энергетика тапшылықтың үштен бірін қамтиды деп отыр. Өз басым елге атом электр станциясы қажет деп ойлаймын. Баламалы энергия станциясы АЭС сияқты 30-40 жыл жұмыс істемейді. Атом электр станциясы тәулігіне 24 сағат істейді. Оның кемі екі энергоблогы болса, біріншісінде кішігірім жөндеу жұмыстары жүріп жатса, екінші үнемі жұмыс істеп тұрады. Мұны халыққа түсіндіру қажет. АЭС салынатын болған күннің өзінде, ол ертең соғылып бітпейді. Оның құрылысына кемі 10-15 жыл қажет. Ал осынша уақытта біздің жағдайымыз не болады, экономикамыз қалай дамиды деген күрделі сұрақ бар, - деді Әбдішүкір Сапарбеков.

Сондай-ақ, жиында «Әкелер мектебі» ұйымының төрағасы Жүсіп Құрбанов және «Әжелер алқасы» ұйымының төрайымы Бағила Ысмаиыл да өз ойларын ортаға сала келе, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған 6 қазан күнгі жалпыхалықтық референдумға барша азаматтар Конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, қатысуға шақырды.

Жиын барысында барша ауыл округ Ардагерлерінің төрағаларына және Әжелер алқасының төрайымдарына арнайы куәліктер табысталды. Қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, барша ардагерлер мен әжелерге, ұйым мүшелеріне ел атынан, әкімдік атынан үлкен алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

АЭС салудың тиімді тұстары көп
АЭС тұрақты әрі сенімді энергия көзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу