Құрама жем зауыты іске қосылатын күн алыс емес

Oinet.kz 23-08-2024 55

Сайрам29.jpg

Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды. Әсіресе Сайрам ауданында оң өзгерістер көп. Соңғы жылдары Сайрам ауданының екінші тынысы ашылғандай. Мұнда шағын және орта кәсіпкерлік қанат жайып, жылына миллиондаған тонна өнімдер шығарып жатыр. Және өнімдердің бәрі өз тұтынушыларын тартып, бірнеше мыңдаған отбасы өз табыстарын жеке кәсіпкерлік арқылы тауып отыр. 

Жақында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, біқатар нысанды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды.

Облыс әкімі Ақсукент ауылдық округі, Манкент ауылында салынып жатқан «Nurym Group» түйіршіктелген құрама жем зауытының құрылыс алаңында болып, жеке инвестордың жобасының қазіргі жай-күйін бақылады.

– Өңірде «Іс бастаймын, кәсібімді кеңейтемін» деген азаматтарға мүмкіндік көп. Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу қажет. Әкімдіктен арнайы жер бөлу, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарына қолдау болады. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағдарламалар да бар. Зауыт, фабрикалар ашпасақ, халыққа жақсы жұмыс орындарын ұсынбасақ, өңір экономикасы көтерілмейді, – деген Дархан Амангелдіұлы жоба құрылтайшысы Сырым Ертаевпен ауыл шаруашылығын дамыту бағытында пікір алмасты. Жаңа бастамаларды жүзеге асыру маңызды екенін айтты.

«NURYM GROUP» ЖШС ауыл шаруашылығы жылқы, ірі қара, ұсақ малдарға арналған құрама жем шығарумен айналысуды көздеп отыр. Яғни тек мал шаруашылығымен айналысып қоймай, аудан енді мал шаруашылығына қажетті жем-шөпті де өздері өндіруді қолға алған. Құрама жем – малды бордақылауда таптырмайтын қорек түрі. Құрама жем жеп семірген малдың еті дәмді болады. Және етте дәрумендер өте көп болады. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Жалпы құрама жем — арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем — сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем — құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер — биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны, жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1—5%-ы) қосып беріледі

Зауыттың құрылыс жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған. Кәсіп иесі биыл қазан айында нысан құрылысын аяқтап, өндіріс орнын жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары 60%-ға орындалған.

Түркия елімен жүргізілген келіссөздер негізінде қондырғылар маусым айында толық жеткізілді. Қазіргі таңда мен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Зауыттың барлық кезеңдеріндегі жұмыстар автоматтандырылған жүйелер және заманауи жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.

Зауыт сағатына – 20 тонна, жылына 2000 тонна өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Бұл жұмыстар жеке кәсіпкер есебінен жүргізілуде. 7,25 гектар аумақта орналасқан кәсіпорынның жоба құны – 2000,0 млн теңге. Мұнда 12 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылады.

Жылына 100 насос шығаруға қауқарлы зауыт Сайрамда
10 мың тонна полиэтилен құбырлары өндіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу