Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Түркістан облысының Сауран ауданына келген Республикалық атом электр станциясы құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Оранғай ауылына болып, ондағы бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Содан кейін «Қамқорлық» орталығында Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында Штаб мүшелері атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Кездесуде Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Атом электр станциясының еліміз үшін маңызы зор екеніне тоқталды. «Мемлекет басшысы: «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ», – деді. Әрі осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қаланатынын жеткізді. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның да экономикасы күн өткен сайын мол энергияны қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алатынын жеткізді Президент. Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүріп жатыр, бұл жағдайда электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатындығы хақ. Энергетикалық қауіпсіздік – бұл ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөлігі. Негізі біз әлі сырттан келетін энергияға тәуелдіміз. Тәуелділіктің салдарынан кейбір өндірісті биік шыңға шығара алмай отырған жайымыз да бар», - деп атап өтті мәжіліс спикері.
Кездесуде аудан тұрғындары «АЭС салу қауіпсіз емес пе, маман тапшылығы болмай ма, оны кім салады, шикізат тапшылығы болмай ма?» деген көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Мәжіліс спикері бізде атом электр станциясын басқара алатын кадрлық әлеует тапшы емес екенін жеткізді. Мамандар еліміздегі министрлікке қарасты Ядролық физика институты және Ұлттық ядролық орталығы институтында дайындалып жатқанын айтты.
Мамандардың айтуынша, еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көш басында тұр. Оның қоры бойынша Аустралиядан кейін екінші орындамыз. Референдум нәтижесінде АЭС салу құпталса, мамандар станцияны толықтай отынмен қамтамасыз ете алатынымызды айтады. Кадр даярлау маңызды. Қазірдің өзінде 4 мыңнан астам студент білім алып жатыр екен.
- Дауылға, су тасқынына, жер сілкінісіне төзімділік – мұның бәрі жаңа буын 3+ станциясын салу кезінде ескеріледі. Қазір Қазақстанда атом электр станциясын салуға 4 мемлекеттің компаниясы ниетті. Олар – Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей. Төртеуі де әлемдегі ең көп АЭС-і бар елдер қатарына кіреді. Франция мен Қытайда 56, Ресейде 36, Оңтүстік Кореяда 26 станция жұмыс істеп тұр. Барлығы да апат қаупін барынша азайтатын көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Отандық ғалымдар еліміздегі АЭС-ті қай вендор салса да, бізге тиімді деп отыр. Бастысы елімізде шығатын отынды пайдалану қажет деп талап қою керегін айтады. Сонда энергия бағасы әлемдегі ең арзан қуат көзі болмақ, - дейді Саябек Сахиев.
Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат депутаты Ержан Мұстапаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай тағы да басқа азаматтар сөз алып, еліміздің энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін атом электр станциясын салу дұрыс шешім екендігін айтты.