Түркістан қаласында Халықтық штаб өкілдері АЭС салу мәселесін талқылады

Oinet.kz 10-09-2024 179

Республикамызда құрылған атом электр станциясы құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері еліміздің түкпір-түкпірін аралап, үгіт насихат жүргізуде. Кеше Халықтық штаб өкілдері Түркістан облысында болып, Түркістан қаласында облыс жұртшылығымен кездесу өткізді. Оған үш жүзден аса адам қатысты. 

Screenshot_50.jpg

Жиынның ашылуында Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов штаб мүшелері атом электр станциясын салудың маңызы туралы азаматтармен ашық әңгімелесу және осы жобаны жүзеге асыруға байланысты жаңа перспективалар туралы айту үшін өңірге келгенін жеткізді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына тоқталып, маңызды құжаттағы ел халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі прогрессивті бастамалары мен саясатын әрдайым қолдап келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, ол атом электр станциясын салу – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі екенін айрықша атап өтті.

- Бізге таза, сарқылмас қуат көздері керек. Бір ақиқат бар: қазір атом энергиясына балама жоқ. Қазақстанда атом электр станциясын салу – бүгінгі күннің шындығынан, бүгінгі күннің сұранысынан туған бастама. Атом электр станциясы экономиканың драйверіне, қозғаушы күшіне айналады. Жоғары білікті және жоғары жалақы төленетін мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болады. АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытатыны айтпаса да түсінікті: жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлер салынады», – деді Ерлан Қошанов өз сөзінде. 

Сондай-ақ жиында Ерлан Қошанов электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынады. Электр энергия жетіспеушілігі жаңа өндіріс орындарын ашуға, бизнесті, АӨК-ні дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және тұтастай алғанда еліміздегі өзге де салаларды дамытуға кедергі келтіретін фактор болып отыр. «Атом электр станциясын салу идеясы – мың ойланып, мың толғанып, қабылданған шешім. Бұл – біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі. Біздің шын мәніндегі арман-мақсатымыз – Президент айтқан дәулетті, дербес Қазақстанда тұру. Ал, оның орындалуы осындай тарихи қадамдардан басталады», – деді мәжіліс төрағасы.

Жалпы бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлемдегі ең қуатты атом электр станcалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орналасқан. Ал Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр сынды елдер соңғы жылдары атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Егер 6 қазанда халық қолдап, елімізге АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жатқанын белгілі. Олар – қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF компаниялары. Бұл елдің қай-қайсысы салса да алдымен біздің ел үшін қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән беретіні анық. 

Сонымен мәжілісте Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қажет кадрлар да, тәжірибе де, ғылыми-техникалық және практикалық база да бар екенін атап өтті. Ал Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева президент атом электр станциясы туралы идея ұсынған сәттен бері бір жыл уақыт өткенін, барлық өңірде осы мәселенің мәнін ұғынуға, «оң мен солын» бағамдауға мүмкіндік берген қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылғанын айтты. 

Азаматтарда уақыт жеткілікті болды, енді барлық прогрессивті күштер елді одан әрі дамыту үшін АЭС қажет екеніне сенімді. Ал Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қазақстан Созақ ауданындағы секілді уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұрғанын, алайда әлі күнге дейін өз әлеуетін пайдаланбайтынын және атом энергиясы үлкен пайда әкелетін АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция сияқты дамыған елдерден артта қалу қаупі бар екенін атап өтті. 

Жиын қорытындысында Түркістан қаласының жұртшылығы Президенттің Атом электр станциясын салу идеясына қызу қолдау білдірді. Сөйтіп, биыл 6 қазанында өтетін референдумға Түркістан қаласының тұрғындары белсенді қатысатындықтарын жеткізді. 

Сайлау мақсаты түсіндірілді
Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу