Ел өміріндегі маңызды қадам

Oinet.kz 10-09-2024 75

Отырар ауданында референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Осыған орай Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жұбаев сайлау учаскелерінің мүшелерімен кездесіп, 6 қазанға белгіленген жалпыхалықтық референдум өткізу жайы жан-жақты талқылады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері, сайлау учаскесінің төрағалары мен мүшелері қатысты. 

Screenshot_47.jpg

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Елеусизов баяндама жасап, Референдумға дайындық жұмыстарының барысына тоқталып өтті. «Таяуда ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдумның күнін белгілен болатын. Яғни, мемлекет жарлығымен референдум 6-қазан күні өткелі отыр.  Жалпы Қазақстанда АЭС тақырыбы бір жылдан бері қоғам талқысына түсіп, әбден сараланды. Енді, міне, салмақты шешім қабылдаудың да сәтті түсіп отыр» дей келіп, көпшілікті референдумға қатысып, тарихи шешімнің іске асуына үлес қосуға шақырды.  

З.Қалауова атындағы бастауыш мектеп, психологы Айгүл Оразбекова, Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған мәселелерге тоқталды.

- Менің ойымша атом электр станциясын салу еліміздегі ең өзекті электр энергиясына деген тапшылықты жоюға сеп болады.  Экономиканы өркендету, өндірістер мен жаңа кәсіпорындарды іске қосу үшін ең бірінші электр қуаты қажет. Бірақ біздің елімізде соңғы жылдары электр қуатына деген сұраныс жыл санап артып отыр. Тіпті кейбір өңірлерде жетіспеушілік те байқалуда. Сондықтан мен алдағы референдумда Сіздерді АЭС салу бойынша ел Президентінің бастамасын қолдауға шақырамын. Құрметті замандастар, жастар! Сіздер де осы бастаманың іске асуына дауыс беру арқылы үлесіңді қосуға тиіссіз деп есептеймін! Өйткені болашық жастардың яғни біздің қолымызда, - деді ол.  

Әлемде дамыған бірқатар мемлекеттерде атом электр станциясы бар екенін, оларда жұмыс ешқандай зиянсыз жүргізіліп жатқанын айтқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай өз ойымен ғылыми тұрғыда бөлісіп өтті. Ол өз сөзінде Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 70 пайызға жуығы электр стансаларының үлесінде екенін айтты. «Кеңес Одағы кезінде салынған Екібастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 және Ақсу ГРЭС-і сияқты ірі кешендер көмірмен жұмыс істейді. Олардан  атмосфераны  ластайтын  заттар көп бөлінеді. Сондықтан пайдалы қазбаларды пайдаланудан бас тартып, таза энергетикаға, яғни атом энергетикасын көшу қажеттігі туындауда. Осы орайда Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлемде орын алып отырған энергия тапшылығы жайында сөз қозғап, атом энергетикасын дамытуға баса мән берілетінін айтты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 6 қазанға республикалық референдум тағайындалды. Алдағы референдумда Сіздерді АЭС салу бойынша ел Президентінің бастамасын қолдауға шақырамын» деді ол сөзін қорытындылай келіп.

Жиын қорытындысында Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Жұбаев елімізде АЭС салу туралы бастама ел өміріндегі маңызды қадам болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол бүгінгі күні Отырар ауданында 1 аумақтық, 40 учаскелік сайлау комиссиялары құрылғанын, Отырар аудандық мәслихатының 27.12.2023 жылғы №11/64-VIII шешімімен сайлау комиссияларының құрамы толығымен қайта жасақталғанын, қазіргі таңда сайлау учаскелерінде жалпы саны 400 мүше, 29023 сайлаушылар бар екенің айтып, жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты тиісті сайлау учаскесінің жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, ардағы референдумды ойдағыдай өткізуге атсалысуға шақырды. 

Сайрам ауданында референдуа өткізуге байланысты дайындық жұмыстары талқыланды
Маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу