Сайрам ауданында референдуа өткізуге байланысты дайындық жұмыстары талқыланды

Oinet.kz 10-09-2024 105

Сайрам ауданының тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын бірлесе отырып талқылады. 

Screenshot_46.jpg

Оған аудан әкімі Арман Сәбитов, аудан әкімі аппаратының  қызметкерлері, зиялы қауым және Amanat партиясы Сайрам аудандық филиалының өкілдері мен аудан тұрғындары, құқық қорғау органдары қызметкерлері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар мәселелер қамтылды. Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымына, оның қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтердің жұмысын ұйымдастыру мәселелері назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ онда осы жылдың 6 қазанына тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін жан-жақты талқылау туралы мәжіліс өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов төрағалық жасады. Басқосу барысында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мониторингі бөлімшесінің басшысы Жасұлан Саутбек қозғалған тақырыпқа қатысты баяндама жасады. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында ел экономикасын ілгерілетудің негізгі тетіктеріне тоқталып, шешу жолдарын тоқталды.  Оның ішінде, ең маңыздысы әрі мазмұндысы – АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум өткізу. Бұл шара әбден сала мамандары мен қоғам белсенділерінің талқысынан өтіп, барып қабылданған шешім. Енді, бұл бастаманың нүктесін халықтың дауысы шешеді. Яғни, референдум 6 қазанда өтеді. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы. Осы шаралар – «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасының нақты нәтижесі. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқанын көрсетеді, - деді Жасұлан Саутбек.

Мемлекет басшысы Жолдауында «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», – деді Президент. 

Сонымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі күні сайлау учаскелерінде сайлау өткізу жайы талқыланып, дайындық жұмыстары басталып кетті. Өз кезегінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мониторингі бөлімшесінің басшысы Жасұлан Саутбек аудан бойынша бекітілген сайлау учаскелері мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы сандық көрсеткіштерге тоқталды. 

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы жауапты тұлғаларға республикалық референдум өткізудегі дайындық жұмыстары мен ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді. Яғни, саяси науқан барысында сайлау учаскелерінің толыққанды жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету, сайлау округтері туралы ақпараттарды тиісті сайттар мен БАҚ беттерінде жариялау, көрнекті жерлерге референдумға шақыру бойынша баннерлер орналастыру, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне тиісті жағдайларды жасау, қоғамдық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, желілік кесте бойынша белсенді насихат жұмыстары мен іс-шараларды жиі жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, сайлау учаскелерін материалды-техникалық базасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты. 

Жаңа үлгідегі трактормен кәсібін дөңгелетіп отыр
Ел өміріндегі маңызды қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу