Референдум өткізу – Мемлекет басшысының берік ұстанымы

Oinet.kz 23-07-2024 73

Еліміз соңғы бірер жылда жаңа кезеңге қадам басты. Оның жемісі бүгінгі атқарылып жатқан жемісті бастамалар. Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жолдады. Бұл құжаттың түпкі мазмұны – Қазақстанның жаңғыру жолын жалғастыра түсу.

Screenshot_50.jpg

Мемлекет басшысы бұл құжатта ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағытты айқындап берді. Олардың қатарында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру,  ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мәселелері бар.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ел экономикасын ілгерілетудің негізгі тетіктеріне тоқталып, шешу жолдарын тоқталды.  Оның ішінде, ең маңыздысы әрі мазмұндысы – АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум өткізу. Бұл шара әбден сала мамандары мен қоғам белсенділерінің талқысынан өтіп, барып қабылданған шешім. Енді, бұл бастаманың нүктесін халықтың дауысы шешеді. Яғни, референдум 6 қазанда өтеді. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы. Осы шаралар – «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасының нақты нәтижесі. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Елімізде атом электр стансасын салу туралы маңызды талқылаудың жүріп жатқанына біраз уақыт болды. Бірі – дамыған елдердің тəжірибесіне сүйеніп, қолдау білдірсе, екінші тарап радиациялық зардабын алға тартып, қош көрмей отыр. Дегенмен, бұл мəселені алғаш сөз еткенде-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне АЭС салуды жалпыхалықтық референдум арқылы шешетінімізді əуел бастан ескерткен. 

Президент Жолдауынан соң референдум жөніндегі науқан шеңберінде Маңғыстау облыстық аумақтық комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Басқосуда республикалық референдум туралы заңнаманы жаңарту, республикалық референдум қарсаңындағы үгіт, республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметі мен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы мәселелері қаралды. Жиынға облыстық аумақтық референдум комиссиясының толық құрамы мен қалалық және аудандық аумақтық референдум комиссияларының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері қатысты.

Отырысты ашқан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов Мемлекет басшысының шешіміне сəйкес атом электр станциясын салу мəселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті. Ол өз сөзінде республикалық референдум тағайындалған сəттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайтынын, референдумды дайындауды жəне өткізуді ұйымдастыратынын түсіндірді. Айта кетейік, референдум барысында жұртшылық назарына: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген мәселе ұсынылатын болады.

Жиында облыстық референдум комиссияның мүшелері сөз сөйлеп, осы жылдың 5 шілдесінде республикалық референдум туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті Конституциялық заңға түзетулер қабылданғанын хабарлап, қатысушыларға референдум туралы жаңартылған заңнаманы түсіндірді. Негізгі жаңашылықтардың қатарында – ұлттық жəне халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту (бұрын бұл мəселе референдум туралы заңнамамен реттелмеген, осыған байланысты сайлау туралы Конституциялық заңға сілтеме нормасы көзделген). Сондай-ақ, жаңартылған заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының референдумды əзірлеу мен өткізу барысын жария ету тəртібі айқындалады (осы мəселеде бірыңғай қолдану практикасы мақсатында сайлау туралы Конституциялық заңға сəйкес өзгерістер енгізілді). Референдум өткізу кезеңінде қоғамдық пікірге сауал салу жүргізудің негізгі аспектілері түсіндірілді, олар түзетулерге сəйкес сайлау заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес жүргізілуге тиіс. Облыстық референдум комиссиясының мүшесі референдум комиссиялары мүшелерінің жұмысындағы жаңашылықтар туралы да айтты. Референдум комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу сайлау туралы заңға сəйкес жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, жаңартылған референдум туралы заңнамада референдум комиссиясының шешімдері мен іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану мəселесі де нақты регламенттелген.

Осыдан кейін басқа да референдумға қатысты мәселелер талқыланды. Отырыс соңында облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов облыстық референдум комиссияларының мүшелерін референдумды əзірлеу мен өткізу мəселелері бойынша да хабардар етті. 

- Біз Президенттің атом энергиясын дамыту туралы айтқан сөзіне назар аударуымыз керек. Бұл стратегиялық бағыт қоғамда кеңінен талқыланды. Референдум өткізу жайлы мәселе де жан-жақты сүзгіден өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ел өмірі үшін маңызды әрбір қадамды халықтың қолдауымен жасау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 6 қазанда бір айдан кейін тиісті референдум өтетінін мәлімдеді, - дей келіп, Елубай Әбілов халықты ақпараттандыру, дауыс беру күніне учаскелердің дайындығы жəне азаматтардың дауыс беруі үшін, оның ішінде мүгедектігі бар жəне дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасау мəселелері қарастыруды тапсырды.

Қос ауылдық округте жаңа әкім
Алдымызда үлкен міндет, үлкен жауапкершілік тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу